Агенттіктің ресми өкілі  Жанна Бастарованың сөз сөйлеуі

Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың сөз сөйлеуі

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі парақорлықта күдіктелуде Ұлттық бюроның Ақмола облысы бойынша департаментімен Зеренді ауданының әкімі және оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол өзінің орынбасары арқылы жауапкершлігі шектеулі серіктестіктің директорынан ауыл шаруашылығына арналған көлемі 300 гектар жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту үшін
3 млн. теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Оқиға орнын тексеру нәтижесі бойынша әкімнен
2 млн. теңге тәркіленді, сондай-ақ сериялары бұрын алынған
1 млн. теңгемен сәйкес келген ақша  қаражатының бөлігі анықталды.

Сотпен аудан әкіміне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, қаралған мерзімде сыбайлас жемқорлықта 2 ауылдық округтің әкімдері күдіктелуде.

Жамбыл облысы Шу ауданының Конаев ауылының әкімі
пара алды деп күдіктелуде

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Шу ауданы Қонаев ауылының әкіміне және осы ауданның әкімдігінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Қонаев ауылының әкімі делдал - Шу ауданы әкімдігінің қызметкері арқылы жалпы қамқорлығы және сот шешімі бойынша қызметін тоқтатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын пайдаланған кезде шаралар қабылдамауы үшін жеке кәсіпкерден
200 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады және қылмыстық іс жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті жүргізу тәртібімен прокуратураға одан әрі сотқа беру үшін жолданды.

Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі парақорлық бойынша күдіктелуде

Павлодар облысында Павлодар қаласы Ленин кентінің әкіміне қатысты тергеу жүргізілуде.

Ол кәсіпкердің есеп айырысу шотына аудару арқылы «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге бөлінген 6,6 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда.

Тергеу жалғасуда.

Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментімен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол өрт қауіпсіздігі бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды мәжбүрлі орындау туралы материалды сотқа жолдамағаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен 500 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда

ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының басқарушы директоры пара алуда күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарушы директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол Өскемен қаласындағы «Дружба» саябағын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және аталған шарт бойынша ақша қаражатының қалдығын аудару туралы оң шешім қабылдағаны үшін сенім білдірген тұлғалар арқылы ЖШС директорынан 3,5 млн. теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Бұдан басқа, ол 2018 жылы іс жүзінде басқа кәсіпорыннан сатып алынған материалдарға жеке кәсіпкердің материалдарды төлеу шотына негізсіз аудару, сондай-ақ іс жүзінде республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс жасамайтын азаматтарға еңбекақы есебінде аудару арқылы 15 млн. теңгеден астам сома бюджет қаражатын жымқыруда күдіктелуде.

Күдіктіге қатысты сотпен «қамау» санкцияланды.

Алматы облысының Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы пара алуда күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сот орындаушысының лицензиясын алуға қажетті тағылымдамадан өту туралы құжаттарды ресімдеу үшін жеке тұлғадан 150 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті ұсталған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы алаяқтықта күдіктелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Облыстың энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз ретінде тану үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілін Басқарманың лауазымды тұлғаларына 7 млн. теңге сомасындағы пара беруге алаяқтық және айдап салушылық фактілері бойынша күдікті деп танылуда.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Облыс бойынша соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы  лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануда  күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Облыс бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына (қазіргі Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары) қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол Қобда сотының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған жұмыс актілеріне қол қою арқылы лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануда  күдікті деп танылуда. 12,6 млн. теңге залал келтірілген.

Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Ақтау қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы парақорлықта күдіктелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Ақтау қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру барысында көмек көрсету үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті ұсталған жоқ.

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынының филиалы «БҚО бойынша дезинфекция орталығының» басшысы

Батыс Қазақстан облысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынының филиалы «БҚО бойынша дезинфекция орталығының» басшысы сыбайлас жемқорлықта күдікті деп танылуда.

Ол республикалық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық бойынша меңгерушісімен сөз байласуда тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз есептен шығару арқылы 2,1 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыруда күдіктелуде.

Сонымен қатар, күдікті республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтері арқылы бағынышты қызметкерлерден бұрын есептелген сыйлықақы төлемдер мен іссапар шығындарынан 1,1 млн. теңге сомасында ақша қаражатын жинаған.

Күдіктілер кінәсін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

*****

Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры парақорлықта күдіктелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол 2018 жылғы ақпан – желтоқсан аралығында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерлерден 1,6 млн. теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Тергеу амалдары барысында аталған лауазымды тұлға кінәсін мойындады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив