Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілерден «жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді» қатыптастырмақ
Жақында Ақтөбе облысы әкімдігінің қабырғасында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірге отырып, Ақтөбе облысы бойынша МҚІСЖҚІА департаменті «Өзгерістер елшілері-2» жаңа жобасын іске қосты.
Жобаның қатысушылары - мемлекеттік қызметшілер және олардың алдына амбициозды міндет қойылды: өз әріптестерінің санасын өзгертіп, сол арқылы тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру.
Департамент өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы заманауи трендтер, жаңа формациядағы мемлекеттік қызметші, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес – процесстерін оңтайландыру тетіктері туралы айтып берді.
"Барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы формализм мен бюрократияны азайту және мәжілістер санын қысқарту жөніндегі міндет Ұлт Көшбасшысымен қойылған және біз оны ішкі бизнес-процесстерді оңтайландыру арқылы жүзеге асырмақпыз. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындауға, сондай-ақ мемлекеттік органның әкімшілік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешева.
«Өзгерістер агенттерін» даярлаудың теориялық бөлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлеріне жүктелді. Бүгін олар қызметшілердің ой-өрісін өзгерту бойынша «трансформациялық көшбасшылық» тренингін өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған жұмыстың нәтижесінде қызметшілерді тиімсіз жұмыстан босату, ұйымдастыру құрылымын сауатты құру, қағазсыз құжат айналымына қол жеткізу, жиналыстарды, есептерді, үстеме жұмысты және мемлекеттік органдарда әкімшілік шығындарды қысқарту күтіледі.
МҚІСЖҚА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]