ШЕШIМ
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 000 (бес миллион екі жүз елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау - 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
3) мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында жариялау - 810 000 (сегіз жүз он мың) теңге сомасында;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу - 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
5) үгіт материалдарын шығару - 400 000 (төрт жүз мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар - 471 200 ( төрт жүз жетпіс бір мың екі жүз) теңге сомасында.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттардың, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық сайлау комиссияларының назарына жеткізілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
[xfvalue_img]