Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласында болды
Облыс басшысы Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласына сапары барысында алдымен «Бейбітшілік» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аталмыш кешенге қарасты төрт тұрғын үйдің құрылысы бітуге дайын. Мамандардың айтуынша, бір бөлігі шілде және қыркүйек айларында тұрғындарға берілмек. Одан бөлек тағыда 4 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Бизнес 3 күнде» жобасы аясында кәсібін бастаған Алдабергенов Наурызбектің жылыжайының құрылысымен танысты. Жеке кәсіпкерлер мен мецанттардың көмегімен Наурызбекке жылыжай құрылысына қажетті жабдықтары толықтай алынып берілген. Ол бүгінде алғашқы егінді бастап кеткені жайында мәлімдеді.
Сонымен қатар, құрақ көрпелер, қыз жасауларын тігіп, халық игілігіне ұсынып отырған Елубаева Зухра мен Абишева Утибике сынды көп балалы аналардың да жұмысымен танысты. Адал еңбегінің арқасында нәпәқасын тауып отырған аналар қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаған азаматтарға алғысын жеткізді.
Бұдан кейін аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен, қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі Адилбек Дауылбаев қаланың экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштеріне тоқталды.
2019 жылы негізі капиталға инвестициялар 10,4 млрд. теңгені құраған. Бүгінгі таңда қалада жұмыс істеп тұрған 7,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 19,8% - ға артық көрсеткіш.
Қала бойынша жаңа 1 972 жұмыс орны ашылып, «Нұр Капитал" аймақтық бағдарламасы бойынша 182 жұмыс орнын ашу көзделуде.
Сонымен қатар, "Рахат" кентінде 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
"Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы аясында су тазарту құрылғысынан Мерей шағын ауданына дейін су құбырының құрылысы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз шағын аудандарында дренаж жүйесі мен нөсер канализациясының құрылыстары жүргізілуде.
Қала тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру – Елбасы қойған басым міндеттердің бірі екенідігін, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында арнайы іс-қимыл жоспары жасақталып, қордаланып қалған өзекті мәселелерді уақытылы шешу үшін осы жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Үкіметтің қолдауының арқасында қабылданған орта мерзімді перспективаға арналған Жаңаөзен қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа Кешенді жоспарымен таныстырды.
Жоспарға сәйкес, «ӨзенМұнайГаз» компаниясымен қаржыландырылатын мазутталған топырақты биологиялық тазарту жобасы бойынша жұмыстар басталды. Жобаны жүзеге асыру үшін «ТазаСу» ЖШС құрылып, Жаңаөзен қаласының 54 тұрғыны жұмысқа қабылданатын болады. Ақтау қаласында жұмыс істеуге ниет білдірген Жаңаөзен қаласының еңбек жастары үшін жатақхана қамтамасыз етіліп, жалға алу төлемі «ӨзенМұнайГаз» қаражаты есебінен жүргізілмек.
Бүгінде өз бизнесін ашуға ниет білдірушілер үшін облыста «Нұр Капитал» аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша 30 млн.теңгеге дейінгі мөлшерде 1 процентпен несие қаражатын беру қарастырылған. Бүгінгі күні бағдарламамен 27 жергілікті кәсіпкер қаржыландырылды. Бұл жобаларды іске асыру қосымша 182 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның негізгі мәселелері бүгінгі таңда шешілген.. Алайда, халық санының белсенді өсуін ескере отырып, Рахат және Теңге ауылдарындағы автожолдарды, инженерлік желілерді, сондай-ақ көше жарықтарын қосымша салу жоспарда тұр. Ағымдағы жылы Мерей, Бостандық, Мұнайлы шағын аудандарында және Теңге ауылында 18,3 км қалаішілік автожолдар салынады. Бұл жұмыстар маусым айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатын болады. Екінші жартыжылдықта «ӨзенМұнайГаз» қаражаты есебінен медициналық орталықтың құрылысы басталып, 2020 жылы нысан жаңа жоғары сапалы жабдықпен пайдалануға беріледі, - деп атап өтті.
Бұдан басқа, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде сапалы және жайлы өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы азаматтарды еңбекпен тапшы солтүстік өңірлерге көшіру бойынша шаралар іске асырылуда. Бұл үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. «ӨзенМұнайГаз» компаниясының қатысуымен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңге көлемінде қосымша бір жолғы материалдық көмек төленеді. Нәтижесінде, бағдарламада қарастырылған 88 мың теңге есебін қоса алғанда отбасының әрбір мүшесі көшуге 188 мың теңге алады. Бұдан әрі жүйелі шараларды жүзеге асыру шеңберінде Жаңаөзен қаласында жаңа жобалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, шағын және орта бизнесті дамыту, қаланың еңбекке жарамды халқын кәсіби қайта оқыту қамтамасыз етілетін болады, деді.
Маныстау облысы әкімінін баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір