Маңғыстау облыстық диспансері 2019 жылы пайдалануға беріледі.
Ақтауда облыстық онкологиялық дипансердің құрылысы қайта басталды. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов құрылысы 2011 жылы тоқтап қалған нысанның жұмысымен танысты.
Биыл аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру көзі табылып, онкологиялық диспансердің құрылысы қайта жаңғырды. NCOC компаниясы бұл әлеуметтік- инфрақұрылым жобасына 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Құрылыс 2019 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде.
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде диагностикалық орталық, 100 орындық аурухана болады. Бірінші қабатта емхана, екінші қабатта әкімшілік корпус орналасады. 3-тен 6-шы қабатқа дейін химиотерапия, хирургия, сәулелік терапия, күндізді ем-шара бөлімі және т.б. болады.
Бүгінде жаңа клиникада жұмыс істеу туралы үш профессор және басқада дәрігерлермен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов құрылыс барысы туралы апта сайын баяндап тұруды тапсырды. Сондай-ақ, барлық қажетті заманауи жабдықтарды сатып алу жолдарын қарастыруды қажеттілігін жеткізді.
Бұдан бөлек, өңір басшысы «Мәңгілік алау» монументінің қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, 2018 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі кезде аллеядағы тротуар толығымен алынып, орнына бірден жаңасы төселініп жатыр. Бұдан бөлек, ескерткіштің сыртқы ескі керамикалық қабаты алынып, сұйық травертинмен қапталып жатыр.Мәрмәр еден төсеніштері жаңадан ауыстырылады. Сондай-ақ, айналада жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шамдар орнатылады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз
[xfvalue_img]