Азаматтардың құқықтарын қалыпқа келтіру – басты назарда

Бұл туралы бүгінгі өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Департаменттің маңызды міндеттерінің бірі азаматтардың өтініштерін қарау, олардың құқықтарын қалыпқа келтіру және мемлекеттік қызметшілердің бойында клиентке бағдарлану қасиетін дамыту болып табылады.

«2019 жылдың өткен кезеңі ішінде Департаментке азаматтардан 108 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде жеке тұлғалардан – 88 (81,4%), заңды тұлғалардан – 14 (12,9%), мемлекеттік қызметшілерден – 6 (5,5%). Құзыреттілік шеңберінде 61 өтінім қаралып, олардың нәтижесінде 12 азаматтың құқықтары қалыпқа келтірілді» - деп Дархан Хайруллин мәлімдеп өтті.

Осымен, спикердің айтуынша, Департаментке Жарқайың ауданы тұрғынының «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілмегені жөніндегі шағымы келіп түсті. Департамент шағымда көрсетілген дәлелдемелерді әділ және жан-жақты қарау мақсатында жоспардан тыс тексеріс өткізіп, жер аймағын беруден негізсіз бас тартылғандығын анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар мемлекеттік органдармен келісіліп, өтінім білдірушіге ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру туралы қаулы берілді.

Сонымен қатар Департаментке Чернобыль АЭС салдарын жоюға қатысқан тұлға ретінде жәрдемақы алуға ұзақ уақыт бойы құжаттарды рәсімдей алмай жүрген Есіл ауданы тұрғынының өтініші келіп түсті. Департаментпен жүргізілген тексеріс нәтижесінде өтінім білдірушіге жәрдемақы тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызметтік әдептілік деңгейін арттыру саласында жоспардан тыс 12 тексеріс өткізіліп,  оның ішінде 7 жағдай бойынша өтінім білдірушінің сөздері өз дәлелін тапты. Ол конкурсты өткізу ережесін бұзу, қызметтік әдептілік талаптарын бұзу, мүдделер қақтығысы. Оған қоса заң бұзушылықтарды жою туралы 7 ұсыным, 4 ақпараттық хат енгізіліп, 2 тәртіптік іс қозғалды.

Бұған қоса Департаментке қызметтік әдептілік талаптарын бұзған Есіл ауданының Тұрғын-үй инспекциясы бөлімі басшысының әрекетін шағымдаған Есіл қаласы тұрғынының өтініші келіп түсті. Тексеріс нәтижесі бойынша аталған дәлелдемелер расталып, мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін қатысты тәртіптік іс қозғалды. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік қызметшіге «қатаңы сөгіс» түрінде тәртіптік жаза тағайындалды.

Сонымен қатар Департамент мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда.

«Біз мемлекеттік қызметшінің басшысы тағайындаған тәртіптік жазамен келіспеуі жөніндегі өтінішін қарадық. Өтінішті қарау барысында тәртіптік жазаны тағайындау үдерісі мен тәртібінің бұзылғандығы анықталды. Осыған байланысты, Департаменттің ұсынымымен заңсыз актінің күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқығы қалыпқа келтірілді» - дейді спикер.

Спикердің айтуынша, Департамент өтінімдерді сапалы қарау және азаматтардың құқықтарын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстың өз жалғасын табатынын айтты.

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.