Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 634 түрі электронды түрге ауыстырылды

Бұл жөнінде бүгінгі брифинг барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы департаменттің жылдық жұмысының қорытындысын жасау кезінде мәлімдеді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру департаменттің басым бағыттарының бірі. Соңғы бірнеше жылда бұл салада әжептәуір өзгерістер орын алды. Әлеуметтік маңызы зор нормативті құқықтық актілер қабылданды, мемлекеттік аппарат құрылысына өзгертулер енгізілді. Бүгінгі таңда қызмет беруші мен қызмет алушы арасында байланыс азайғандықтан және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көпшілігі электронды түрге ауыстырылғандықтан елімізде тұрмыстық жемқорлық 2/3 есе азайды» - деп Дархан Хайруллин мәлімдеп өтті.

Спикердің айтуынша, 2018 жыл ішінде Ақмола облысының мемлекеттік органдары және ішкі ведомстволық ұйымдары 5 746 560 қызмет көрсетті, олардың – 3 757 858 немесе 65,4% қызметті жергілікті атқару органдары және 1 988 702 қызметті немесе 34,6% орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері көрсеткен.

Қызмет көрсету әдісі бойынша: Мемлекеттік органдар – 665 896–11,6% қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – 682 293–11,9% қызмет, электрондық түрде  – 4 398 371 қызмет көрсетілді.

Осылайша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 76,5% облыста электронды түрде көрсетілген.

Жалпы қазіргі уақытта «электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы электрондық түрде 634 қызметтер мен сервистерге қол жеткізілді, оның ішінде 235 электрондық қызмет пен «электрондық үкімет» сервистері, 80 электрондық лицензия, 51 ескерту және 268 электрондық рұқсаттама.

«Есептік кезеңде көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Мысалы, 76 қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері қысқартылып, талап етілетін құжаттар тізімі азайтылды. Транспорттық құралды тіркеуге электрондық өтініш беру мүмкіндігі жасалды, ресми сатушылардан жаңа көлік сатып алу барысында көліктерді тексеру жойылды» - дейді спикер.

Сонымен қатар, баланың туылуына байланысты проактивті қызмет іске қосылып, ол азаматтардың ХҚО-на немесе Порталға жүгінуінің қажеттілігін жойды. Бұл үрдіс автоматты түрде ақпараттық жүйелермен әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады. Проактивті әдіс арқылы шамамен 60 мың бала тіркелді.

Сонымен қатар жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша кешенді қызмет іске қосылды.

Бұған дейін аталған қызметтерді алу үшін әрбір қызмет бойынша өтінім қажет болды. Ендігі кезекте бір рет өтінім білдіріп, әрі қарай әрекеттестік үрдерістері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік корпорация тарапынан ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Дархан Хайруллин департаменттің азаматтардың өтініштерін қарауға бағытталған жұмысын атап өтті. Мұндағы басты мақсат азаматтардың құқықтарын қалыпқа келтіру. Мысалы, спикердің айтуынша, Департамент азаматша Л.Е. Третьякованың департамент құзырына жатпайтын мәселе бойынша өтінішін қарады. Бірақ кездесу барысында оның 1-ші топ мүгедегі екендігі және мүгедектік арбаға мұқтаж екендігі анықталды. Бұл арбаны 1 жыл бойы ала алмай келген екен. Нәтижесінде аталған азаматшаға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде арба қамтамасыз етілді.

Оған қоса азаматша Е.А. Шарюкованың үй сатып алуға бюджеттік несие алу бойынша мәселесі жағымды шешіліп, «AkHilal» ЖШС-нің субсидияландыру бойынша құқықтары қалыпқа келтірілді.

«Халық арасында кең түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру мекемелерінде «Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету негіздері» пәні енгізілді. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен жұмыс жасалуда. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері жөнінде 1200 астам адамды қамтыған семинарлар өтті. 76 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өтті» - дейді Дархан Хайруллин.

Сонымен қатар брифинг барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов баяндама жасап, «Цифрлық агент» бағдарламасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті.

«Аталған бағдарламаны қолдану үшін оны смартфонға жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Қаржы және Еңбек министрліктерінің құрылымдық бөлімдерінің қызметіне баға беру мүмкіндігі бар. Ары қарай бағдарламаға барлық мемлекеттік органдарды қосу жоспарлануда» - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.