«Астана ЖилСервис» ЖШС-не 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Елордамыздың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерімен қала аумағын санитарлық тазалауға үнемі бақылау жүргізеді.
Осылайша, Мәңгілік Ел көшесіндегі №49 А үйдің іргелес аумағын тазалауды қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша "Астана ЖилСервис" ЖШС қызмет көрсетуші компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 АЕК (101 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басынан бері қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын қатты-тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі көлемді қоқыстардан, қардан, мұздан уақытында және тиісті дәрежеде тазаламағаны, үйлердің қасбеттерін дұрыс ұстамағаны, хабарландыру тақтайларының, жәшіктердің болмауы және олардың асыра толтырылуы үшін табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлерімен 123 қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ДК, ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн.500 мың теңгеден астам сомманы құрады.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]