Шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орынға төккені үшін «ГАЗ 5307» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды
Қаламыздың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Астана қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп, тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.
Осылайша, 2019 жылдың ақпан айының 12-де Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен қала аумағын аралау барысында белгіленбеген орында, яғни Байтұрсынов көшесінің бойында шаруашылық зәрнәжіс суын төккен 1987 ж.т., К. есімді азамат анықталды.
32 жастағы елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы жыл басынан бері, белгіленбеген орындарда зәрнәжіс суын төккен 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 1 млн. 200 мың теңгені құрайды.
[xfvalue_img]