Шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орынға төккені үшін «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды
Қаламыздың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп, тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.
Осылайша, 2019 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен қала аумағын аралау барысында белгіленбеген орында, яғни Төлебаев көшесінің бойында шаруашылық зәрнәжіс суын төккен 1982 ж.т., Т. есімді азамат анықталды.
37 жастағы елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы жыл басынан бері, белгіленбеген орындарда зәрнәжіс суын төккен 160-тан астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 3 млн. 700 мың теңгеден астам.
Нұр-Сұлтан қ.ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]