«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

Дания Еспаева қалалар аумағына қосылған елді мекендер мен ауылдарда шағын және орта бизнеске несие беру талаптарын қайта қарауға қол жеткізді - Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы осы аумақтардың тұрғындарына несие беруді қайтаруға мүмкіндік бар деп санайды

Дания Еспаева қалалар аумағына қосылған елді мекендер мен ауылдарда шағын және орта бизнеске несие беру талаптарын қайта қарауға қол жеткізді - Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы осы аумақтардың тұрғындарына несие беруді қайтаруға мүмкіндік бар деп санайды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 3 сәуірінде депутат Еспаева қалалар аумақтарына біріктірілген шағын қалалар мен ауылдардың кәсіпкерлерін қорғап сөз сөйлеген болатын. Ауылдық жерлердегі микронесиелендіруді «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерліктің ағымдағы Бағдарламасы аясында берілетін барлық қаражаттың 65% -ын құрайтын «Еңбек» ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қамтамасыз етеді. Алайда, аталмыш операторға тиесілі Бағдарламаның ішкі талаптары моно/шағын қалалар мен қаланың аумағына кіретін ауылдық елді мекендерді қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.

«Нәтижесінде, мемлекеттік қолдау шаралары ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін, бірақ моно / шағын қалаларда, сондай-ақ қаланың бөлігі болып табылатын ауылдық округтерде өмір сүретін  несие алушыларға қолжетімсіз болды», - деп айтылған жолданған депутаттық сауалда.

Еспаева ауылдық жерлерді қала аумағына кіріктіру мерзімді іске асырылып тұрады деп атап өтті. Жақында ғана Түркістан облысында 12 ауылдық округ Кентау қаласының құрамына енгізілді. Бұдан бұрын Шымкент қаласына бірнеше ауылдар қосылды, қаланы кеңейту үрдісі басқа өңірлерде де белсенді жүруде. Бірақ олардың тұрғындарының қызметі мен табыс көзі өзгерген жоқ және олардың бәрі несие алуда қиындықтарға тап болуда.

Дания Еспаева көтерген бұл өзекті мәселе оңынан шешілгені бүгін белгілі болды.

«Ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін олардың әкімшілік орналасқан жеріне қарамай «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», микроқаржыландыру ұйымдары және несиелендіру серіктестіктері арқылы микронесиелендіруді жүргізуге мүмкіндік бар деп санаймыз», - делінген бүгін келіп түскен Ұлттық экономика министрлігінің берген ресми жауабында.

«Ақ жол» партиясы бұл шешім ауылдағы бизнесті дамытуға елеулі қолдау екеніне және де жүздеген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс орындарын әрі қарай сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенімді.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және отандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.