Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының  2019 жылғы 26 сәуірдегі отырысы туралы

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі отырысы туралы

 

2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, отырысқа саяси партияның және бірқатар мемлекеттік органдарың өкілдері қатысты. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің өзіне ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы.
  2. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2019 жылғы 24 маусымға тағайындау туралы.

 «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің өзіне ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы» қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов ұсынды.

2019 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ұлы Дала Қырандары» республиқалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсынды:

  1. «Ұлы Дала Қырандары» республиқалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі жоғарғы органы отырысының Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  3. Сәді-Бек Түгелдің өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжатының, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломының көшірмелері, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер қоса берілген, оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтініші.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жіберді және тиісті мәліметтер алды.

2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Сәді-Бек Түгелдің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болып өтті.

Лингвистикалық емтихан барлық белгіленген кезеңдер бойынша өткізілді.

Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің мемлекеттік тілді еркін меңгергені жөнінде шешім қабылдады (отырыстың а.ж. 24 сәуірдегі №3 хаттамасы).

Орталық сайлау комиссиясы Сәді-Бек Түгел:

  • Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратынын, тумысынан Республика азаматы болып табылатындығын;
  • жоғары білімі бар екенін;
  • Бас прокуратураның  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi  комитетiнің мәліметтері негізінде:
  • соттылығының жоқтығын;
  • сот заңмен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартпағанын;
  • белсенді сайлау құқығына ие екендігін;
  • Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік қызметте, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар екендігін анықтады.  

Осы қаулының 1-тармағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгел өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіні белгіленген.

Қаулының 2-тармағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинауға қол қою парақтарын Сәді-Бек Түгелге беру тапсырылған.

            Қол жинауды Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асыратынын және ол қол қою парақтарымен ресімделетінін атап өту қажет.

Сенім білдірілген адамдардың тіркеуін аумақтық сайлау комиссиясы  Ортсаукомның 2011 жылғы 21 қарашадағы №62/108 қаулысымен бекітілген Нұсқаулығының негізінде жүзеге асырады.

 

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2019 жылғы 24 маусымға тағайындау туралы

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2019 жылғы 24 маусымға тағайындау туралы баяндамамен ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров сөз сөйледі.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Қаулының жобасымен танысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты сайланбалы лауазымын атқарған Дархан Аманкелдіұлы Сатыбалды Өзбестан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 19 наурызда                                   Д. Сатыбалдының Сенат депутаты ретіндегі өкілеттілігін тоқтату туралы қаулы қабылдады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы депутат өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатқан күннен кейін екі айдан кешіктірмей сайлау тағайындайды.

Осыған сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2019 жылғы 24 маусымға тағайындау туралы қаулы қабылдады, сондай-ақ Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды даярлау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Күнтізбелік жоспар сайлау науқанын өткізу кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес жасалды.

Ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 27 сәуірде  басталып, ағымдағы жылғы 24  мамырда аяқталады.

Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:

  • республикалық маңызы бар қала мәслихаттар сессияларында жүргізіледі.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады

  • өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.

Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қалада тұратын азамат ұсыныла алады.

30 жасқа толған Қазақстан азаматы, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, сондай-ақ өзіне тиісті өңірде кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн бұрын 3 маусымда сағат 18:00 аяқталады. Парламент Сенаты кандидаты болып тіркелу үшін таңдаушылардың – Шымкент қаласы мәслихат депутаттарының белгілі бір санының қолдауын алу қажет.

Сайлау алды үгіт 2018 жылғы 3 маусымда сағат 18:00-ден кейін басталып 22 маусымда аяқталады. Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттардың сайлау алды үгіт жұмысын жүргізуіне республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарда сондай-ақ сайлау отырыстарын және дауыстарды санауды жүргізу жөніндегі сайлау рәсімдерін өткізу мерзімдері көзделген.

Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бүкіл ақпараттық құралдардың қатысуыменен брифинг болып өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив