Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 22 сәуірдегі отырысы туралы
2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, отырысқа саяси партияның және бірқатар мемлекеттік органдарың өкілдері қатысты. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:
- «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы».
- «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскелерінде жағдайларды қамтамасыз ету туралы».
«Сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы»
ЖАО сайлаушылар тізімін қалыптастыруы.
Сайлаушылардың тізімін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік база деректері негізінде жасайды.
Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
Сайлаушылар тізімдеріне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) азаматтар тиiстi сайлау учаскелерiнің аумағындағы тұрғылықты жерi бойынша енгізіледі.
Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде енгізіледі;
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясы ұсынған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң анықтығы үшiн жауапты болады.
ЖАО сайлаушыларының тізіміне өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қабылдау.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келумүмкiндiгiнің болмайтыны белгiлi болса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқылы.
Азамат осы тармаққа сәйкес өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Азаматтарды сайлаушылардың тiзiмдерiмен таныстыру
Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан 20 күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына, яғни 20 мамырдан кешіктірмей ұсынады.
Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда, яғни 25 мамырдан кешіктірмей, тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.
Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.
Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы.
Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды.
Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.
Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Сайлаушы учаскенің орналасқан жері бойынша тұрақты мекенжайға тіркелгенін расталған кезде, яғни ХҚКО беретін мекенжай анықтамасын ұсына отырып, тиісті учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар елдің сайлау комиссияларымен бірлесіп, дауыс беру күні учаскеге келген азаматтың сайлаушылар тізімінде өзін тауып, өзінің сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруы үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
«Сайлау учаскелерінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету туралы»
Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірледі.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін саяси партияларға және өзге де қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі азаматтарын сайланбалы лауазымдарға кандидаттыққа ұсыну, партиялық тізімдерге енгізу, сайлау комиссияларын қалыптастыру кезінде олардың құрамдарына ұсыну туралы айтылған.
Сонымен, заңнама нормаларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз кіруіне жағдай жасау арқылы сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жәрдемдесуге міндетті.
Орын алып отырған мәселелерді шешу үшін:
1) ғимараттардың бірінші қабаттарында дауыс беруге арналған үй-жайларды орналастыруды, пандустардың, төсеніштердің, тактильді көрсеткіштердің (уақытша рұқсат етіледі) болуын, есіктердің қажетті ойықтарының болуы, жеткілікті жарықтандыруды көздеу;
2) ыңғайлы кіреберіс және жаяу жүргіншілер жолдарының, автокөлік тұрағына арналған арнайы орындардың болуын ескеру;
3) сайлау учаскелерін Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасына енгізу.
Зағип-саңырау және саңырау сайлаушылардың көпшілік санының дауыс беруге қатысуы жорамалданып отырған сайлау учаскелерінде жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жәрдемімен сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар тартылуы мүмкін.
Сайлау комиссиялары дауыс беруге арналған рәсімдер мен материалдарды қолжетімді әрі түсінікті етіп, пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
Сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылардың саны туралы мәліметтері негізінде:
- сайлау науқаны туралы (дауыс беру уақыты мен орны, негізгі сайлау әрекеттері, қажетті байланыс ақпараты, мысалы, телефон, сайлау комиссияларының мекенжайы), дауыс беру тәртібі, бюллетеньді толтыру тәртібі және басқа да сайлау рәсімдерін жүзеге асыру туралы ақпараттық материалдарды аудиоформатта (цифрлық жеткізгіштерде) дайындау бойынша;
- оқуға ыңғайлы, үлкейтілген қаріппен басылған кандидаттар, партиялық тізімдер туралы ақпараттық материалдарды қажетті мөлшерде дайындау бойынша шараларды қабылдайды.
Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға арналған ақпараттық материалдар сайлау комиссияларының үй-жайларында орналастырылады.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға сайлау учаскесінде бөгде адамның көмегінсіз (немесе адамның өз таңдауы бойынша көмегін пайдалана отырып) өз дауысын жасырын бере алатындай жағдайлар берілуге тиіс. Сайлаушы дауыс беру үшін келе алмайтын жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы оның дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей берілуі мүмкін жазбаша өтініші бойынша, осы сайлаушының болатын жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.
Практикалық қадамдар туралы айта келе, 2018 жылы Орталық сайлау комиссиясы БҰҰ-ның Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтары туралы конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша бірқатар нақты іс-шаралар өткізгенін атап өткен жөн.
15 наурызда Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша қатысушылар мүгедектердің сайлау құқықтарын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді көздеді.
Жоғарыда аталған тәсілдердің аясында, 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу шеңберінде қарастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін мыналарды дайындау көзделген:
1) «Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға арналған Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы жаднама» аудиоформатындағы әдістемелік құрал (10210 дана санында);
2) «Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға арналған Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы жаднама» әдістемелік құралы (саны 10482 дана);
3) нашар көретіндерге арналған арнайы үлкейткіштер сатып алу (саны 10210 дана);
Бұл өніммен елдің әрбір учаскелік сайлау комиссиясы, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханалар қамтамасыз етіледі деп болжануда.
Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР ОСК жұмысының маңызды бағыттарының бірі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін электораттық оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
Атап айтқанда, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауды өткізу бойынша оқыту үшін оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген.
Ол үшін қашықтықтан тестілеудің кіші жүйесіне мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты бірқатар тест тапсырмалары енгізілді.
Сайлау науқанының практикасында алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын кешенді қамтамасыз ету жүргізіліп отыр, сондықтан сайлау процесіне қатысушылардың барлығының келісіп, бірлесе атқарған қызметі қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңейтілген отырыстың қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг болды, онда ҚР ОСК БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.
БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен
өзара іс-қимыл бөлімі
[xfvalue_img]