Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының  2019 жылғы 19 сәуірдегі отырысы туралы

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 19 сәуірдегі отырысы туралы

 

2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, отырысқа саяси партияның және бірқатар мемлекеттік органдарың өкілдері қатысты. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:

  1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін жетік меңгеруі керек деген мәселе туралы.
  2. Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттарды тіркеудің кейбір мәселелері туралы (кандидаттардың кірістер және мүлкі туралы декларацияны өткізуі туралы анықтама, денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйғарымы).

«Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілді еркін  жетік меңгеруі керек деген мәселе туралы»

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілде еркін меңгеруін (Қазақстан Республикасы Конституцияның 41 бабының талабы) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және өзге де мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.

            Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші университеттің ректорларымен кеңес өткізіп және Орталық сайлау комиссиясының жанындағы лингвистикалық комиссияның құрамына  мына азаматтарды ұсынды:

Жолдасбеков

Мырзатай

Жолдасбекұлы

– филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша), төраға;

 

Ахметов

Әділ

Құрманжанұлы

    – филология ғылымдарының докторы, профессор,

 Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (келісім бойынша);

 

 

Есім

Ғарифолла

– философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша);

Қасқабасов

Сейіт

Асқарұлы

– филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

 

Құрманбай

Гүлтас

Сайынқызы

– педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Назарбаев Университеті» ДББҰ «Рухани жаңғыру» Мәдени орталығының директоры (келісім бойынша);

 

Қажыбек

Ерден

Задаұлы

–филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры (келісім бойынша).

 

Барлық кандидаттар қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы көрнекті ғалымдар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде 2019 жылғы 19 сәуірдегі отырыста  Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы №6/263 қаулысының лингвистикалық комиссия құрамы бөлігіне өзгерістер енгізілді. 

Бұл қаулыны қабылдау негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1)тармақшасы, 54-баптың 1-бөлігінің 1-тармағы және 3- бөлігінің 3- тармақтары келеді.

«Сайлау туралы» Заңының 54- бабының 2-тармағына сәйкес кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеруін анықтау тәртібін Орталық сайлау комиссиясының шешімімен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» 1998 жылғы 9 қазандағы №280 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағы нормасының «мемлекеттік тілді еркін меңгеретін» деген бөлігін қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деп ұғу керек» деп анықталған.

ҚР Президенттігіне кандидаттының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:

            1) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;

            2) лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі үш баспа беттен аспайтын мәтінді оқу;

             3) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.

Жазбаша жаттығу, қазақ әдебиеті классиктерінің туындыларын оқу және еркін тақырыпқа сөйлеу үшін бірнеше тақырыптарды лингвистикалық комиссия алдын ала айқындайды, үміткер емтихандағыдай тапсырмалардың үш түрінің әрқайсысынан бір бірден таңдап алады.

Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін Президенттікке кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен  бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалуға 1 сағаттан кем емес уақыт беріледі.

Лингвистикалық комиссияның отырысы ашық және жариялы болады.

«Кандидаттарды тіркеудің кейбір мәселелері туралы (салық декларациясын тапсыру және медициналық куәландыру мәселесі бойынша)»

Сайлау туралы заңның 59-бабының 2-тармағында кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылғы 1 сәуірдегі кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы көзделген.

Орталық сайлау комиссиясына Мемлекеттік кірістер органының кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы анықтамасы кез келген уақытта Президентікке кандидатты тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2019 жылғы 11 мамырға дейін ұсынылады. Кандидат анықтаманы ұсынылмаған жағдайда тіркеуден өтпейді.

Кандидат тіркелгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығы туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді, оны кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары тексереді.

Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарының  кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы талаптарын алған ұйымдар талапты алған күннен бастап төрт күн ішінде сұратылған ақпаратты  беруге міндетті.

Декларацияны беру кезінде кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тіркеу туралы шешімнің күшін  жояды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат тіркелгенге дейін кандидат, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркеуге кедергі келтіретін, денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыны Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрде ұсынады.

Осы нормаға сәйкес Президенттікке кандидаттың Республика Президентінің міндеттерін орындауына кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі, оның қорытындысы денсаулық жағдайы туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді.

Медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Республика Президенттігіне кандидат болып тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі, Орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актісі қабылданды және Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 сәуірде  тіркелді.

Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 сәуірде тіркеліп, жарияланған күннен бастап  заңды күшіне енді. Бірлескен нормативтік құқықтық актінің толық мәтіні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылған.

Осы актіге сәйкес:

Медициналық куәландыру республикалық қоғамдық бірлестіктің кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан ол ұсынған үзінді көшірменің  негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық куәландыру денсаулық сақтау ұйымдарында (поликлиникаларда) медициналық қорытындыны беру арқылы кандидатты бекіту орнында жүргізіледі.

Медициналық қорытынды бірлескен нормативтік құқықтық актімен қабылданған, белгіленген нысан бойынша жасалады.

Медициналық қорытынды кандидат медициналық куәландыру жүргізу үшін жүгінген кезден бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде беріледі және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы мерзімі ішінде жарамды болады.

Берілген медициналық қорытындылардың есебін денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді, оларға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ғана қолжетімділігі бар.

Бірлескен нормативтік құқықтық актісінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі көрсетілген.

Денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыны кандидат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 59-бабында көзделген құжаттармен бірге кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына ұсынады.

          Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг болып өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ барлық сұрақтарына жауап берді.

 

БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.