Нұр-Сұлтан қаласы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 140-қа жуық шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 140-қа жуық шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Елордалық полицейлер Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды үнемі өткізеді. Қазақстан Республикасында болу шетелдіктер үшін белгілі бір қағидаларды сақтауды көздейді, оны бұзу жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Осылайша, ағымдағы жылғы 20-25 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қ. ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 517-бабы бойынша 140 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан: - тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауы; визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуі;  адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы.

Бұдан басқа, еліміздің заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін  Қазақстан Республикасының 12 азаматы, сондай-ақ 5 жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 518 және 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершіліке тартылған.

Полиция қызметкерлері ҚР келген еңбек мигранттары туралы ішкі істер органдарына уақытында хабарламаған, Қазақстан Республикасында болудың белгілі бір мерзімі өтіп кеткенннен кейін шетелдік азаматтың ҚР-дан шығуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Респбуликасының азаматтары ҚР ӘҚБтК 518- бабына сәйкес 10-нан 300-ге дейін АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны  ҚР ӘҚБтК 519-бабында қарастырылған, яғни  30-дан 1000-ға дейін АЕК мөлшеріндегі айыппұл және  әкімшілік жауапкершілікке тартылады. (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартуы).

  

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызыметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив