Ағымдағы жылғы 16-20 қаңтар аралығында елорда аумағында «Көшіп-қонушы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Іс-шараның мақсаты көші-қон заңнамасын бұзушылықты анықтау және жолын кесу, заңсыз көші-қонға тосқауыл қою, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың тарапынан жасалатын қылмыстарды болдырмау болып табылады. Полицейлер ЖАІШ өткізген үш күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 457 фактісін анықтаған. Шетелдік азаматтардың ҚР аумағында болу қағидасын бұзу фактісі бойынша шетелдік азаматтарға қатысты 377 әкімшілік хаттама толтырылған. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдаушы 20 ҚР азаматы жауапкершілікке тартылса, шетелдік жұмыс күштерін тиісті құжаттарсыз тартқаны үшін 6 жұмыс берушіге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 33 шетелдік азамат елден шығарылды, 117 шетелдік азаматқа қатысты уақытша болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды.
ЖАІШ көрсетіп отырғандай шетелдіктер тарапынан жасалған негізгі құқық бұзушылықтар белгіленген кіру, шығу және Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзу болып табылады.
[xfvalue_img]