Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныстары қаралды

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныстары қаралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің атына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке көмекшінің қызметін ұсыну мәселесі бойынша қоғам белсенділерінен шағым келіп түсті.

Өтініш иелерінің айтуынша әлеуметтік қызметті көрсету барысында мемлекеттік сатып алуда артық бизнес-процесстер, бюджет қаражатын жымқыру, жеке көмекшілердің төлем ақысының көлемін заңсыз төмендету, артық құжаттарды сұрату және нормативті-құқықтық актілердегі қайшылықтары бар.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, аталған өтінішті сапалы қарау және арызданушылардың келтірген дәлелдерінің растығын анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, атап айтқанда қалалық прокуратура, "Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ, "Ерекше Таңдау Ақтөбе" КҚ, «Общество Неунывающих Инвалидов» ҚБ өкілдерінің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың жеке көмекшілерінің қатысуымен жұмыс тәртібіндегі кеңесін ұйымдастырды.

Сонымен, талқылау барысында қатысушылардың жартысы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке көмекшінің қызметін мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетндігіне келіссе, ал екінші жартысы жеке тұлғалармен тікелей келісімге келуге келісетіндігін жеткізді.

Өтініш білдірушілердің пікірінше, делдалдарсыз мемлекеттік сатып алудан бас тарту тендерлерді алып тастауға, құжат айналымын қысқарту, сондай-ақ жеке көмекшілердің төлемдерін арттыру бөлігінде бизнес үдерісті оңтайландыруға алып келеді.

Сонымен қатар, олар жеке көмекшінің қызмет көрсету уақытына да наразы екендіктерін жеткізді.

Менің білуімше, Қаулыда 8 сағаттан артық емес деп көрсетілген. Онда нақты шектеулер жоқ. Егер шектеу болса, бұл дегеніміз, жұмыс істейтін мүгедекті 4 сағат жүргізіп, үйінде жауып тастап, ешқайда шығармау дегеніміз. Бұл мүгедектің құқығын бұзу, кемсітушілік деп білемін. Сондай-ақ, сіз 41 млн.теңге бөлінетінін өзіңіз де айттыңыз, оның 9% - ы әкімшілік шығындарға алынады. Сондықтан біз бірлескен келісім-шартты делдалсыз жасау тиімді деп санаймыз, ал бұл 9% - ды басқа қажеттіліктерге жаратқан дұрыс емес пе?, - деді 1 топ мүгедегі Жәния Аяубаева.

Өз кезегінде ҮЕҰ өкілдері қатысушыларға тәуліктің кез келген уақытында мүгедекті көрсетілген орынға жеткізуге қажетті көмек көрсете алатын жеке көмекшілердің мобильді тобын құруды ұсынды.

Кеңес соңында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың жеке көмекшілеріне мүгедектерге арналған жеке көмекшінің шарттарын жасау барысында талаптар мен тәртібімен келіспеген жағдайда шағымдану құқығы мен тәртібін түсіндірді.

 

МҚІСЖҚА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.