МҚІСЖҚА Жұртшылықпен байланыс жөніндегі  департаментінің директоры Арман Бердалинның  брифингтегі сөз сөйлеу тезисі

МҚІСЖҚА Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалинның брифингтегі сөз сөйлеу тезисі

 

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының»директоры өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ол өзіне бағынышты Ақтөбе, Павлодар, Тараз және Қарағанды орталық филиалдары директорларының жалпы сомасы 1,7 млн. теңге сомасындағы ақша қаражатын қайтарымсыз негізде иелену арқылы, оларға аталған сомада материалдық залал келтіре отырып өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды.Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментімен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қарағанды көлік оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол делдал арқылы дәріс алушыдан дәрістерге қатысудан босату үшін 30 мың теңге сомадағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Ағымдағы жылдың басынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның бағынышты ұйымдарының жұмысшыларына қатысты 29 сыбайлас жемқорлық қылмыстары (оның ішінде 3 қылмыстық іс сотқа жолданды) тіркелді, күдіктілер ретінде 14 тұлға тартылуда.

Жемқорлық қылмыстары көп жағдайда жымқыру, парақорлық, атқарылған жұмыстар актісіне қол қою, жұмысқа қабылдау және қызмет бойынша ауысу, сондай-ақ жүіктерді тасымалдау үшін вагондарды және тепловоздарды кедергісіз беру бойынша өкілеттіктерді теріс пайдаланумен байланысты.

«Алматыжоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының парақорлық фактісінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен «Алматыжоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол ЖШС директорынан іске асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін жалпы сомасы 2 млн. теңге пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда. Ұқсас қылмыстар «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының және Павлодар облысы бойынша «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі лауазымды тұлғаларына қатысты анықталды. Қазіргі таңда іс сотта қаралуда.

 Қостанай облысы Федоров ауданы әкімі орынбасарының парақорлық фактісінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен облыстыңФедоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ауданның автожолдарын ұстау және қызмет көрсету шарты бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қою және төлем жасау үшін ЖШС өкілінен 150 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді өткізу туралы мәлімдеді.

Тергеу жалғасуда.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің  «Республикалық ветеринариялық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы өңірлік филиалы директоры және оның орынбасарының парақорлық фактісінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің  «Республикалық ветеринариялық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы өңірлік филиалы директоры және оның орынбасары – жануарлардың ауруларын диагностикалау лабораториясының меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар азаматтан және филиалдың бағынышты қызметкерлерінен жұмысқа орналастыру, қызметте жалпы қаморлығы және атқарып отырған лауазымдарынан босатпау үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында бірнеше рет жүйелі негізде жалпы сомасы 360 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәлерін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Жамбыл облысының әскери бөлімнің екінші дивизионы командирі және екі азаматтың алаяқтық фактісі анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау басқармасының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп облыстың әскери бөлімнің екінші дивизионы командирі (майор) және екі азаматтың (бірі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болып табылатын) алаяқтық фактісін анықтады.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 451 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша оң шешімге жәрдемдесу үшін осы әскери бөлімнің батарея командирін алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен 1,7 млн. теңге сомасындағы (алдын ала айтылған 5 млн. теңгенің) ақша қаражатын иемденген.

Кінәсін толық мойындауына байланысты командирге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті екі тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 Ол қоғамдық тамақтану объектілеріне жоспарлы тексерулер бойынша оң шешім, сондай-ақ жалпы қамқорлығы және салғырттық үшін кіші және орта бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 75 мың теңге жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

 «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының парақорлық фактісінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментімен «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол жайылымға жер учаскесін ұсыну бойынша мәселенің оң шешімі үшін шаруа қожалығы төрағасынан 100 мың сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

«Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директоры парақорлықта күдікті деп танылуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен «Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС (100% мемлекет үлесі, құрылтайшысы Қапшағай қаласы әкімдігі) директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Ол Қапшағай қаласы орталық паркінің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жер учаскесін жалға беруді ұсыну үшін жалпы сомасы 200 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда.

Қазіргі таңда директордың өзге сыбайлас жемқорлық қылмыстары фактілеріне қатысы болуына тексеру жүргізілуде.Күдіктіге қатысты «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда.

Ішкі істер органдарының қатарын тазалау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп ішкі істер жүйесіндегі адал емес қызметкерлерді анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Панфилов ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, жергілікті полиция қызметі бастығы, сондай-ақ осы ауданның патрульдік полициясының екі полицейінің парақорлық фактісінің жолы кесілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстың Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Панфилов ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (полиция майоры), жергілікті полиция қызметінің бастығы (полиция майоры), сондай-ақ осы ауданның патрульдік полициясының екі полицейінің (полиция сержанттары) парақорлық фактісін анықтады. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс бойынша бұрын алынған 2 491 дана ондантр терілерін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда.

Тергеу жалғасуда. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Сыбайлас жемқорллыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу тобына 3 оқ атты, нәтижесінде үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Аталған факті бойынша Панфилов ауданы полициясы бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабы 3 бөлігі 5 тармағы бойынша(басқа қылмысты жасыру мақсатында билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі өндіріс тіркелді.

Қазіргі таңда бой тасалаған тұлғаларды іздестіру іске асыпылуда.

 Қарағанды қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция полкының полицейі парақорлықта күдікті деп танылуда

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстың полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция полкы полицейінің парақорлық фактісі анықталды (полиция кіші сержанты). Ол көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін «Б» деген азаматтан 70 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Жалпы жыл баснынан Ұлттық бюромен пара алу фактісі бойынша ішкі істер органдарының 44 қызметкері әшкереленді, олардың көпшілігі – ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметтерімен бірлесе.

Кінәсін толық мойындауына байланысты 27 қызметкерге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.

Қазіргі таңда 20 тұлға сотқа берілді, 4 тұлға сотталды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив