Астана қаласында «Допинг» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде
2018 жылдың наурыз айының 26 - 30 аралығында қала аумағында Астана қаласы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі ЕКҚБ және басқа бөлімдерімен бірлесе отырып «Допинг» жедел алдын-алу іс - шарасын жүргізуде.
Жедел алдын - алу іс-шарасын жүргізу барысында есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату және пайдаланумен айналысатын тұлғаларды, оның ішінде кәмелет жасқа толмағандарды анықтап, ұстау мақсатында жастардың жаппай демалу орындарында рейдтік іс – шаралар жүргізілуде.
Іс - шараны өткізу барысында қаланың барлық оқу орындарында, профилактикалық-емдеу мекемелерінде, отбасылық-дәрігерлік емханаларда есірткі заттары мен психотроптық заттарды дұрыс қолдану, тіркеу, сақтау, беру және жою талаптарының дұрыстығына тексерістер жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Рубеж» ББЖ бекеттерінде тәулік бойы күмәнді көліктерге мұқият тексерістер жүргізілуде.
«Допинг» жедел алдын - алу іс - шарасының бір күндік қорытындысы бойынша Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен есірткі заттарын заңсыз сақтау мен пайдаланудың 4 фактісі анықталды.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]
2 пікір