Өзара ынтымақтасу туралы Меморандум

Өзара ынтымақтасу туралы Меморандум

 

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтөбе облыстық соты атынан төраға Сәкен Абдолла Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысы Расул Медетовпен өзара ынтымақтасу туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жан-жақты жариялау мен түсіндіру жұмыстарын, кездесу, аталған тақырыпта дөңгелек үстелдер мен семинарларды ұйымдастыру, БАҚ-та жемқорлық жауапкершілігіне тартылған азаматтар жөнінде ақпарат, бейнероликтерді орналастыру және тоқсанына бір рет сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша құқықбұзушының ұжымы мен Ақтөбе облысы мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларының қатысуымен көшпелі сот отырыстарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу бойынша келісімге келді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тетіктері, мемлекеттік қызмет жүйесінде жемқорлық құқықбұзуышылықтармен күресу мен оларды алдын-алу, жас ұрпақты рухани-өнегелі тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылатын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау сұрақтары талқыланды.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла өз сөзінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты әдісі болып соттар қызметінің ашықтығы мен жариялылығы екенін атап өтті. Бүгінгі таңда басты мақсатымыз «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру. Төраға атап өткендей, облыс судьяларыімін арттыру мен сот төрелігін сапалы жүзеге асыру аясында алдарына қойылған тапсырмалардың орындалуына белсенді қатысуда. «Сыбайлас жемқорлық жай заңды бұзу ғана емес, еліміздің дамуына кедергі болатын құбылыс ретінде танылып, бала күнінен тұлғаны қазақстандық отансүйгіштік пен жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеуміз қажет. Мемлекет пен қоғамның тығыз әрекеттесуімен ғана жемқорлыққа қарсы тұра аламыз»-деді Сәкен Абдолла.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігі Департаментінің басшысы, әдеп кеңесінің төрағасы Расул Медетов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелері, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар, мемлекеттік қызметті жетілдіру, Департамент міндеттері және мемлекеттік органдар жұмысындағы кейбір кемшілік жөнінде сөз қозғады.

«Жемқорлыққа қарсы күресте маңызды шарты болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен судья әдебі Кодексінің талаптарын қатаң сақтау табылады»- деп қорытындылады сөйлеушілер.

Кездесуге қатысушылар Меморандум мемлекеттік қызметшілер мен сот жүйесінің жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар тәуекелдері деңгейін төмендету бойынша облыс соттары мен мемлекеттік істері агенттігі Департаменті арасындағы өзара тиімді ынтымақтасудың негізін қалайтынын атап өтті.

           

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.