Елордалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тонаушыны ұстады.
22 жастағы қала тұрғыны полицияға таңғы сағат 6:00 шамасында Затаевич көшесінің бойымен теміржол вокзалы жаққа қарай кетіп бара жатқанда белгісіз ер адамның ішінде ұялы телефоны мен құжаттары бар сөмкесін жұлып әкеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін 35 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстаған, одан ұялы телефон тәркіленіп алынып, жәбірленушіге қайтарылған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Аталған азаматтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласының Полиция департаментіне жүгінуін немесе 8 (7172) 71-61-51, 8-702-943-17-72 телефондарына не 102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]