Елордалық полиция қызметкерлері қала аумағында ұрлық жасауда күдік келтірген адамдарды ұстады.
Қала тұрғыны полицияға белгісіз адамдардың үйінің пластикалық терезесін майыстыру арқылы кіріп, одан жеке мүлкін ұрлап кеткені туралы арызбен жүгінді.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордалық департаменттің криминалдық полиция қызметкерлері Астана қаласының тұрғындары, бұрын сотты болған 21 және 23 жас шамасындағы екі жігітті ұстады.
Заттай дәлелдемелер металл қабылдау орындарынан алынды. Сатып алушыға қатысты ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы Полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) жүгінулерін немесе 8(7172) 71-60-24; 71-60-69 немесе «102» телефондары бойынша хабарласуларын сұраймыз.
[xfvalue_img]