Елордалық полиция қызметкерлері қала аумағында бірқатар ұрлық жасады деп күдік келтірілген азаматтарды ұстады.
Астана қаласының Полициясы ұрылар тобын ұстады. 28 жастағы екі азамат Қостанай облысының тұрғыны болып шыққан, бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Ұсталғандар түнгі уақытта есікті бұзу және пластик терезелерді қысып майыстыру арқылы дүкендерді, ломбардтарды және пәтерлерді тонаумен айналысқан. Күдіктілер Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Барлық ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында, сондай-ақ өзге де өңірлерде бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Егер аталған адамдардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен немесе қандай да бір ақпаратты білетін азаматтар болса Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) хабарласуын немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-60-24; 8-778-638-88-70 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуын сұраймыз.
[xfvalue_img]
27 пікір