Елорданың криминалдық полициясы азаматтардың көмегімен бірнеше ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 29 жастағы Астана қаласының тұрғынын ұстаған. Қазіргі кезде күдікті үш велосипед пен компьютер клубынан екі ұйымдастырушылық техника ұрлағанын мойындады.
Тергеп-тексеру барысында аталған адамның күндіз кіреберістерден велосипедтер, ал кешкі уақытта компьютерлік клубтардан процессорлық блоктар ұрлағаны анықталды.
Заттай айғақтар велосипедтерді жөндеу орындарында алынған, сатып алушыға қатысты ҚР ҚК 196-бабы бойынша (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу) қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұсталған адам уақытшы ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынып, оның қала аумағында осыған ұқсас басқа да жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция департаменті қылмыскерді әшкерелеуге көмек көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді.
Аталған адамның құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккен тұлғалардың Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
[xfvalue_img]