Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыт

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыт

 

Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің коллегиялық отырысында Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллин айтып өтті.

Отырыста өткен жылдың қорытындылары мен 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Дархан Хайруллин мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет қорытындылары жөнінде баян етіп, бірнеше жыл ішінде Ақмола облысының жағымды нәтижелер көрсеткенін айтып өтті.

«2018 жылы Ақмола облысының мемлекеттік органдары мен оның ішкі ведомстволық ұйымдарымен электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5 746 560 құрайды, олардың ішінде жергілікті атқару органдары – 3 757 858 қызмет немесе 65,4% орталық мемлекеттік органдардың аймақтық құрылымдық бөлімдері –1 988 702 қызмет немесе 34,6% құрайды. Облыста мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 76% электрондық түрде көрсетілді» - деп Дархан Хайруллин мәлімдеді.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша Ақмола облысы 4,83 ұпай жинап, ең үздік бес аймақтың ішіне кірді.  Бұл республика бойынша өте жоғары көрсеткіш.

«Оған қоса, бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс қажетті дәрежеде атқарылып жатқан жоқ. Оны азаматтардың бірқатар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдануы растайды» - дейді өз сөзінде спикер.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін дамыту алаңдарының бірі әкімдіктердің жанынан ашылған Қоғамдық кеңестер болып табылады. 2018 жыл ішінде Қоғамдық кеңестердің 46 отырыстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері қаралып, 130 ұсыным енгізіліп. Бұл жерде Жарқайың, Бұланды аудандары әкімдіктерінің жағымды жұмыс нәтижелерін атауға болады.

Сонымен қатар өз сөзінде Дархан Хайруллин Департаменттің әкімшілік өндіріс бойынша жұмысын атап өтті.

«Өткен жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде 3 275 625 теңгені құрайтын 79 хаттама жасалды. Оның ішінде: 40 рұқсаттама құжаттарын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін құрылды, 31 конкурсты өткізу тәртіптерін бұзғаны үшін конкурстық комиссия мүшелері мен өкілдеріне қатысты құрылды, 3 хаттама мемлекеттік қызметтен заңсыз босатқаны үшін, 3 әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, 2 декларация ұсынбағаны үшін жасалды» - дейді Дархан Хайруллин.

Өз сөзін қорытындылай келе Даррхан Хайруллин бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмысында бірқатар жағымды нәтижелердің бар екендігін, бірақ бұл бағыттағы жұмыстың өз жалғасын табатынын атап өтті.

 

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.