Цифрландыру — жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың кепілі

Цифрландыру — жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың кепілі

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллиннің және Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджановтың қатысуымен Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметінің қорытындылары жөнінде брифинг өтті.

Өз сөзінде Дархан Хайруллин мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда қызмет берушілер мен қызмет алушылар арасында байланыс болмағандықтан, мемлекеттік қызметтердің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электронды түрде көрсетілуі салдарынан Қазақстанда тұрмыстық жемқорлық деңгейі 2/3 есе азайған.

«Алғаш рет мемлекеттік органдар серіктестік пен ынтымақтастық, есептілік пен ашықтық, азаматтарды тарту, мемлекеттік қызмет көрсетудегі жоғары кәсібилік сияқты ұстанымдардың негізінде жұмыс істеуде» - дейді Дархан Хай     руллин.

Сонымен қатар, 2018 жыл ішінде Ақмола облысының мемлекеттік органдары және олардың ведомстволық ұйымдары 5 746 560 қызмет көрсетіп, олардың 4 398 371 электронды түрде көрсетілген. Осылайша, 76,5% мемлекеттік қызмет облысымызда электронды түрде көрсетілген.

Жалпы қазіргі уақытта «электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы электронды түрде 634 электрондық қызмет пен сервистер бар, ол 235 электрондық қызмет пен «электрондық үкімет» сервистері, 80 электрондық лицензия, 51 ескерту және 268 электрондық рұқсаттамалар.

Жалпы, атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша есептік кезеңде бірқатар мемлекеттік қызметтер оңтайландырылды.

«Біздің жұмысымыздағы маңызды факторлардың бірі өтініштерді қарау. Оларды қарау барысында біз азаматтардың құқықтарын қалыпқа келтіріп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыруға ықпал етеміз» - деп  спикер айтып өтті.

Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында түсіндірушілік іс-шараларды өткізуде. Мысалға, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің деңгейін арттыру мақсатында Целиноград ауданының ауылдарында «Селолық округтерде электронды түрде қызмет көрсету» тақырыбында семинарлар өтті. Оған Агенттіктің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрғындарға ЭСҚ таратылып, электронды үкіметті қолдану дағдылары үйретілді.

Сонымен қатар брифинг барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов баяндама жасап, «Цифрлық агент» бағдарламасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті.

«Агенттік әрбір азаматқа кез келген уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беруге мүмкіндік ашатын "Цифрлық агент"  бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаны қолдану үшін оны смартфонға жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Қаржы және Еңбек министрліктерінің құрылымдық бөлімдерінің қызметіне баға беру мүмкіндігі бар. Ары қарай бағдарламаға барлық мемлекеттік органдарды қосу жоспарлануда» - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.