Республикалық жеке сот орындаушыларының қызметі бола бастады
Басқарма Қауымдастық мүшелеріне ай сайынғы қаржылық есептерін алғаш рет http://zhso.kz ведомствалық веб-сайтында жариялай бастады. Онда бюджеттің кіріс бөлігі егжей-тегжейлі түсіндіріледі, сондай-ақ, шығындар (жалақы, республикалық және облыстық палаталарға арналған үй-жайларды жалға алу, салық төлемдері, жол жүру шығындары, кеңсе тауарларын сатып алу және т.б.) туралы толық ақпарат бар.
Жеке сот орындаушылары өздерінің мүшелік жарналарының түсуі, сонымен қатар, олардың қандай қажеттіліктерге жұмсалғанын ашық түрде көре алады.
Мына http://zhso.kz/index.php?view=news&id=8 сілтеме арқылы қазан, қараша және желтоқсан айларындағы қаржы есебімен толығырақ танысуға болады.
Бюджеттің шығыстары мен кірістері туралы қаржылық есепті тұрақты түрде жариялау, республикалық жеке сот орындаушылар палатасының ашықтығын, сәйкесінше тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Әділет министрлігі бұл бастаманы қолдайды және адвокаттар алқасына, сондай-ақ, нотариустарға осы оң өзгерістерді үлгі ретінде қарастыруды ұсынады.
Ведомстволардың жұмысы туралы ақпараттың, қаржылық қызметтің ашықтығы мен есеп берушілігін көрсетеді, сондай-ақ, қауымдастық мүшелерінің, басшылықтың қызметіне деген сенімділігін арттырады.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі басқармасы
[xfvalue_img]