Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды бастады.
Алғашқы қадамдардың бірі өз сайтында Палатаның кірістері мен шығыстары туралы қолжетімді ақпаратты орналастыру болып табылады. Палата төрағасы Е.Е.Ыбраевтың сөзінше аталған бастама Палатаның мүше болып табылатын барлық жеке сот орындаушыларының жарнасы есебінен палата бюджетін құру үшін қабылданған. Сондықтан олар ақшаларының қайда жұмсалғанын білуі тиіс.
Әділет министрлігі уәкілетті орган ретінде осы бастаманы қолдайды және жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының бастамасы 9 мыңдай адвокаттар мен нотариустар бар Республикалық адвокаттар алқасы мен Нотариаттық палатаға да үлгі болатынына сенеді.
Осындай шаралар құзыреттілікті асыра пайдаланушылыққа сөзсіз тосқауыл болады, ұйымдарды және олардың жауапкершілігін өз бетінше реттеуге деген сенімді арттырады.
[xfvalue_img]