Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының м.а. Мадина Наурызбектың сөз сөйлеу тезистері
Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы туралы
Бәрімізге белгілі, 2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына деген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында мемлекеттік органдарда үстеме жұмыстың бар екендігін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде, мұндай фактілер мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына теріс әсер етеді.
Осыған байланысты, Агенттікпен автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесі (АУҚЖ) деректерінің талдауының негізінде жүйелі профилактикалық жұмыс арқылы мемлекеттік қызметшілермен атқарылып жатқан үстеме жұмысты жою, икемді жұмыс кестесін енгізу, жұмыс компьютерлерін автоматты түрде өшіру бағдарламасын орнату бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.
Аталған жұмыс оң нәтижесін беріп, 2018 жылдың соңына қарай (қыркүйек-желтоқсан) үстеме жұмыстың айтарлықтай азаюы байқалуда, атап айтсақ инвестиция, энергетика, қаржы, ауылшаруашылық, білім және ғылым министрліктерінде.
Денсаулық сақтау министрлігінде үстеме жұмыс саны 80 пайызға қысқартылды. Мысалы, 2018 жылы қыркүйек айында үстеме жұмыс сағаты 3100 болса, желтоқсан айында ол сан 606 сағатқа қысқарылды.
Осыған ұқсас жағдай Ұлттық экономика министрлігінде байқалуда, ол жерде үстеме жұмыс сағаты қыркүйек айында 4970 болса, желтоқсан айында 1129 сағатқа қысқарды, яғни 77 пайызды құрайды.
Ал, Сыртқы істер министрлігінде үстеме жұмыс саны 68 пайызға қысқартылды, яғни қыркүйек айында 615 сағат болса, желтоқсан айында 213 сағатқа азайды.
Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде үстеме жұмыс саны 59 пайызға қысқартылды, мысалы қыркүйек айында 283 сағат болса, желтоқсан айында ол сан 115 сағатты құрады.
Аталғанға ұқсас өңірлік деңгейлерде де үстеме жұмыс істеу еселеп қысқартылуда. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы облыстарында және Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілермен үстеме жұмыс істеу фактілері жойылған.
Солтүстік Қазақстан облысында үстеме жұмыс 96 пайызға қысқартылды (692 сағаттан 25 сағатқа дейін), Павлодар облысында 92 пайызға (628 сағаттан 52 сағатқа дейін), Батыс Қазақстан облысында 93 пайызға (268 сағаттан 20 сағатқа дейін), Атырау облысында 90 пайызға (136 сағаттан 14 сағатқа дейін), ал Шығыс Қазақстан облысында (412 сағаттан 57 сағатқа дейін) және Қызылорда облысында (391 сағаттан 53 сағатқа дейін) 86 пайызға қысқартылды. Астана қаласында үстеме жұмыс 78 пайызға қысқартылды (399 сағаттан 86 сағатқа дейін).
Тұтастай алғанда, барлық мемлекеттік органдарда, яғни орталық және аймақтық деңгейлерде үстеме жұмыс 63 пайызға (12739 сағаттан 4790 сағатқа дейін) қысқартылды, бұл деген қысқа уақыт ішіндегі үлкен көрсеткіш.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына және жұмыс кестесіне сәйкес алдын ала жазбаша келісімі бойынша үстеме жұмысқа тартылады.
Үстеме жұмыс үшін өтемақы төленеді немесе демалыс уақыты, күндері беріледі.
Мысалы: мемлекеттік қызметшінің бір жұбайы Косетова Феризаттың пікірін келтіргім келеді: «Кейбіреулерге күйеуін отбасына енелері, аналары, балгерлер қайтарады .... Ал бізге бұл жағдайда МҚІ және СЖҚ көмектесті.
Өз кезегінде мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ризашылығымды білдіріп отырмын, себебі біздің әкеміз үйге баласы әлі ұйықтамаған кезде келеді.
Отбасымен өткізілетін уақыттыңкөп болуы үшін осы бағыттағы профилактикалық шараларыңызды тұрақты түрде жүргізіңіздер».
Осыған ұқсас мысалдар көп. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдаланады, спорттық жаттығуға, тіл курстарына баруға, отбасымен бірге уақыт өткізуге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыру үшін Инвестиция және даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әділет, сыртқы істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде икемді жұмыс кестесі енгізілген.
Өңірлік деңгейде Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының бірқатар мемлекеттік органдарында икемді жұмыс уақыты енгізілген.
Осы икемді жұмыс кестесінің мағынасы – қызметкердің отбасылық қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту және салауатты өмір салты сияқты басқа да өмір салаларына уақыт бөлу мақсатында, жұмыс күнінің күнделікті басталуы мен аяқталуын өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндігінің болуы.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметшілер жұмыс күнін ертерек таңертең сағат 08.00-ден бастап, түскі үзілісті 1 сағатқа дейін қысқартқанды қалайды, бұл жұмыс күнін ерте аяқтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшілердің тағы бір бөлігі жұмыс күнін кейінірек сағат 09.30-дан бастауға ыңғайлы деп санайды, себебі отбасылық жағдайына байланысты жұмыстарды жасауға үлгеру үшін, мысалы, балаларды оқу орындарына апарады.
ҚР МҚІСЖҚА
[xfvalue_img]