МҚСБД директоры Р.Тюлебаевтың  21.11.2018 жылғы «Заңсыз сыйлықтар туралы»  брифингтегі сөз сөйлеу тезистері

МҚСБД директоры Р.Тюлебаевтың 21.11.2018 жылғы «Заңсыз сыйлықтар туралы» брифингтегі сөз сөйлеу тезистері

Агенттіктің тұрақты бақылауында тұрған басым мәселелердің бірі ол – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруі және қабылдаулары.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көзделген шектеулерді сақтау мақсатында, Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар қабылдамауы бойынша тұрақты негізде алдын алу іс-шаралары, әсіресе мереке қарсаңында ұйымдастырылып келеді.

Мәселен, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің (Әдеп жөніндегі кеңестер мен АМТ мүшелері) белсенді қатысуымен 800-ден астам мемлекеттік мекемелерде рейдтер өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге жеке және заңды тұлғалардың сыйлықтар беруін болдырмау бойынша шаралар қабылданды.

Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген нысандағы сыйлықтар алу тыйым салынғанын атап өткен жөн. Егер сыйлықтың құны 
2 АЕК-тен (4 810 теңге) төмен болса, сыйлық беруші үшін 
200 АЕК (481 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Алушыға – 600 АЕК (1 443 000 теңге). Одан жоғары сомалар пара ретінде бағаланады және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Заңсыз сыйлықтарды ұсыну фактілері үшін ағымдағы жылы 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оларды алғаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Салынған әкімшілік жазаның жалпы сомасы 
16 115 мың теңгені құрайды.

Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында кәсіпкер зертханалық зерттеулерді жүргізбей фитосанитарлық сертификат алу үшін АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторының ұялы байланыс телефонының балансын 3000 теңгеге толықтырған. Ол туралы инспектор Агенттікке хабарлап, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған азаматшаға 336 700 теңге көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған қызметші қолданыстағы ережеге сәйкес ақшалай көтермелеуге ұсынылды.

Осыған орай, Агенттік жанында тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 call-орталығына сыбайлас жемқорлық фактісіне куә болған әрбір тұлға хабарласуға болатындығын атап өткім келеді.

Агенттік лауазымды адамдарға сыйлықтар беру фактілерін алдын алу бойынша ғана емес, оларды алған жағдайда (мысалы, кәдесый ретінде), сыйлықтарды арнайы қорға тапсыру бойынша шаралар қабылдауда.

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің деректері бойынша өткен жылы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында профилактикалық іс – шаралар өткізу кезеңінде (2017 жылғы 25-29 желтоқсан аралығында) арнайы мемлекеттік қорға 156 сыйлық (ОҚО – 85, Алматы облысы – 24, Ақмола облысы – 10, Павлодар облысы – 8, Алматы қаласы – 11, Жамбыл облысы - 5, СҚО – 4, Ақтөбе облысы - 3, БҚО – 2, Маңғыстау облысы-2, Қостанай және Қызылорда облысы-1-ден) тапсырылған.

Жалпы, өткізілген алдын алу іс-шаралары оң әсерін тигізуде, себебі осы жылы арнайы қорға былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есе көп сыйлықтар тапсырылған, яғни биыл жалпы сомасы 2 812,3 мың теңгеге бағаланған (1 422,2 мың теңге) 1433 (341) әр түрлі тауарлар  (жазба кітапшалары, мүсіншелер, спирттік ішімдіктер, шай, үстел сағаттары және т.б.) тапсырылған.Сыйлықтарды сатудан түскен қаражаттың жалпы сомасы 505 468 (326 034) теңгені құрады.

Алдағы мерекелер қарсаңында барлық өңірлерде алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтеміз.

Мемлекеттік органдардың атына сыйлықтар алу фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі көрсетілген хаттар жолданды.

Мемлекеттік қызметтегі артық жұмыс жасау мәселесіне қатысты.

Агенттік орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ағымдағы жылдың қыркүйек айындақызметшілердің жұмыс орнында жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін негізсіз қалуы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмысқа шығуы тұрғысынан тұтас мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер белгіленген кестені бұза отырып, жұмыста қалуы фактілері жалғасуын көрсетті.

Мысалы, Ұлттық экономика, денсаулық сақтау, қаржы министрліктерінде айына 2000 нан 5000 сағатқа дейін, ал, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт министрліктерінде 200 ден 600 сағатқа дейін артық жұмыс жасау фактілері анықталды.

Осыған ұқсас, артық жұмыс істеу жергілікті атқарушы органдарда да байқалады.

Мәселен, Ақмола облысында артық жұмыс істеу көлемі 1000 сағаттан асады, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында 500 сағаттан астам артық жұмыс істеу анықталды.

Оның үстіне бұл үстеме жұмыс үшін өтемақылар ешбір мекемеде төленбеген.

Бүгінде осы бұзушылықтарды жою мақсатында тиісті ұсыныстар министрлерге және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне жолданды.

Еңбек тәртібін бұзу туралы материалдары заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және өңірлердегі Еңбек инспекцияларына жөнелтілді.

Анықтама үшін: ӘҚБтК-нің 87-бабының 3-тармағында үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу бойынша еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 30 АЕК әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сонымен бірге, арнайы СКУД жүйелері Министрліктердің тек кейбір аумақтық ведомстволарында ғана орнатылғаны анықталды. Бұл мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасау жағдайларын жүйелі мониторинг жүргізуді қиындатады.

Сондықтан бұл жүйені барлық мемлекеттік мекемелер орналасқан ғимараттарда орнатуды қолға алмақшымыз.

Бұдан бөлек, қызметшілер арасында икемді жұмыс кестесін енгізу мәселесіне қатысты анонимді сауалнама жүргізілді.

Сауалнама қорытындыларын талдау нәтижесі бойынша, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі икемді жұмыс кестесін енгізуді қолдайтындығы анықталды.

Бұл мектепке дейінгі жастағы балалары бар, сондай-ақ жұмыс орнынан шалғай тұратын адамдарға маңызды.

Көбіне жұмыс уақытын өзгерту бойынша ұсыныстар жұмыс уақытын ерте (немесе кеш) бастап және түскі үзілісті қысқартып, сәйкесінше жұмыс уақытын ерте аяқтаумен байланысты.

Икемді жұмыс кестесі пилоттық режимде Агенттікте және Инвестициялар және даму министрлігінде енгізілгенін атап өту қажет.

Аталмыш мониторингтің қорытындысы а.ж. 20 қарашасында Әдеп жөніндегі комиссияның кезекті отырысы қаралып, онда қызметкерлерінің үстеме жұмыс жасаулары туралы ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика және денсаулық сақтау министрліктерінің жауапты хатшылары тыңдалды.

Отырыстың соңында Комиссия мүшелері министрліктер басшылықтарына жұмыс компьютерлерін автоматты түрде өшіруді техникалық жетілдіру қажеттілігі бойынша, министрліктердің аумақтық ведомстволарында СКУД жүйесін орнату, «икемді жұмыс кестесін» енгізу мәселесін қарастыру, сондай-ақ қызметкерлерді үстеме жұмысқа тартқан жағдайда оларға заңнамаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы ұсыныстар берді.

Агенттік осы бағыттағы жоспарланған жұмысты жалғастыратын болады, атап айтқанда, жоспарымызда СКУД және компьютерлерді автоматты өшіру жүйелерін толықтай енгізу және икемді жұмыс кестесіне көшуге қол жеткізу.

Бұдан бөлек, қоғам өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Мониторинг және талдау бойынша жұмыстардың нәтижелері жүйелі түрде Әдеп жөніндегі комиссияның алаңында қаралатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.