Қазақстан жаһандық БҰҰ Конгрессін өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан жаһандық БҰҰ Конгрессін өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігін талқылау үшін ең ірі жаһандық форумдардың бірін өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Конгрессі БҰҰ-ның ең ірі халықаралық тақырыптық форумы болып табылады.

Агенттік Төрағасының орынбасары О.А.Бектеновтың басшылығымен Агенттік делегациясы Бангкоктағы (Таиланд) қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 14-ші Конгрессіне дайындық мақсатымен өткен Азия-Тынықмұхит аймақтық кеңеске қатысты.

20-27 сәуір аралығында Киото қаласында (Жапония) өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 14-ші Конгрессіне арналған Азия-Тынық мұхиты аймақтық дайындық кеңесі 2019 жылдың 22-24 қаңтарында Бангкок қаласында (Таиланд) өтті.

Таиландта өткен аймақтық кеңесте қылмыстық сот төрелігі мәселелері, қылмыстың алдын-алу стратегиясы мен заң үстемдігі мәселелерін шешудің кешенді тәсілдерін қоса алғанда, Киото Конгрессінің негізгі күн тәртібі мен семинар-практикумдарының тақырыбы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық және қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу және бақылау бойынша техникалық көмек мәселесін талқылау үшін платформа қызметін атқарды.

Конгресс қылмысқа қарсы күрес, соның ішінде трансұлттық және ұйымдасқан түрін қосқанда, бес жылда бір рет өткізілетін ірі жаһандық форумдардың бірі болып табылады. Конгресс - үкімет және азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар мен қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы бүкіл әлемнің сарапшыларының қатысуымен өтеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2025 жылы дәл осындай Конгрессті Қазақстанда, яғни Астана қаласында өткізу ұсынылған болатын.

Осы тұрғыда, қазақстандық делегация Конгресстің ұйымдастырушылық қолдауы мен мазмұндық толтырылу мәселесімен мұқият танысты.

Кеңестегі сөзінде Бектенов біздің еліміздің Конгрессті 2025 жылы өткізуге және жоғары деңгейін қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді.

Агенттік Төрағасының орынбасары О.А.Бектенов кеңестен бөлек Таиланд Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық комиссиясының президенті Ватшарапол Прасарнрайкит мырзамен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 

МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.