Астана қаласында «БОРЫШКЕР-2019» ЖПШ жүргізілуде
Елордалық полиция департаменті басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдығы жылғы 21-30 қаңтар аралығында сот орындаушылардың қатысуымен «БОРЫШКЕР-2019» жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде.
Іс-шара барысында электрондық планшет арқылы 1200 жол ережелерін бұзы туралы әкімшілік хаттама берілді.
Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар «Рубеж» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда. Түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.
Әкімшілік заннмаға сәйкес 7 күн ішінде айыппұл төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік берілген.
Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz, мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б., сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp жіберуге болады (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі).
http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «узнай о своих штрафах» бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.
Анықтама үшін байланыс телефоны 8-717-2-95-44-98.
[xfvalue_img]