«Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел профилактикалық іс-шарасы
Жол - көлік оқиғаларын алдын-алу, жол қозғалысы ережелерінің апаттылық деңгейіне тікелей әсер ететін бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында Астана қаласы ПД - нің Жергілікті полиция қызметі ағымдағы жылдың 02-03 қараша аралығында елорда аумағында "мас жүргізуші-қылмыскер"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Жедел –профилактикалық іс-шараны өткізу барысында көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау мақсатында іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 900-ден астам құқықбұзушы анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес («алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы...» үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қ. ПД-нің Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]