Астана қаласының полиция қызметкерлерімен қоғамдық көліктердегі қалта ұрлығын жасаған 2 ер адам ұсталды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған адамдар қалта ұрлықтарын қоғамдық көліктерде жүзеге асырған.
Ұсталғандардың біреуі, №12 маршрут салонында таңғы уақытта, яғни 08.00 мен 08.20 сағат аралығында жолаушылардың біреуінің күртешесінің қалтасынан ұялы байланыс телефонын ұрлап алған. Екінші ұсталған ер адам, №17 автобус салонында 30 мың теңгені құрайтын ақшалай қаражатты ұрлап кеткен. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталғандардың қала аумағында басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болған жағдайда Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік 19) немесе мына телефондарға: 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441, «102» хабарласуды сұраймыз.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына сақ болуды, бағалы заттар мен ақшаны қалтаға оңай қол жетімді жерлерде сақтамауды сұрайды. Қала көлігінің толымдылығы артып, қалта ұрлығының қаупі арта түскен кезде "қарбалас уақытта" деп аталатын сақтықты сақтаған жөн.
[xfvalue_img]