Астана қаласының полицейлері түнгі тонаушыларды қолға түсірді.
19 қаңтарда әйелдерге күш көрсетіп олардың сөмкелерін тартып алған 4 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды.
18 қаңтарда сағат 21.00-де, сауда-ойын сауық орталығының жанында белгісіз біреулер күш көрсетіп сөмкесін тартып алғаны жөнінде хабарласқан болатын. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында көп ұзамай 4 күдікті қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар, қасқойлердің уақытша тұрып жатқан жерлерінен тәркіленді. Тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар ұсталғандарды басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болған жағдайда Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік 19) немесе мына телефондарға: 8(7172) 71-61-51; 8-777-303-36-07 , «102» хабарласуды сұраймыз.
[xfvalue_img]