Шетелдіктерді республика шегінен шығарып жіберудің салдары

Шетелдіктерді республика шегінен шығарып жіберудің салдары

Әкімшілік жауаптылық тәртіптік жауаптылыққа тартудан ерекшеленгенімен, соттылықпен ұштаспайды. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жұмыс орнынан да босатылмайды. Әкімшілік жауаптылық шаралары  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі іс жүргізуді   реттейтін  заңнамаға сәйкес қолданылады.

Еларалық экономикалық байланыс орнаудың нәтижесінде Қазақстан төрт тарап елмен жұмыс жасайды. Шетелдік өнім тартудың нәтижесінде қаржы көзін табудың жолымен өзге көршілес елдерден ағылған адам саны күн санап өсуде. Инвестиция, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында да жұмыс күшінің бірқатар бөлігі шетелдік адамдардан тұрады. Елге ат терлетіп келген адамдар ішінде республика аумағындағы заң талаптарын орындап жүрген адал адамдар да, өрескел құқық бұзушылыққа жол беріп жүрген азаматтығы жоқ адамдар да бар.

Қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен көзделген құқыққа қайшы іс-әрекеттер аз емес. Алайда, елдің қауіпсіздік мәселесін қозғайтын шара қолданудың бір түрі ретінде республика шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  кодексінің 51 бабына сәйкес әкімшілік жолмен шығарып жіберу шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға орын алған құқық бұзушылықтар үшін сотпен қолданылатын әкімшілік жазаның бір түрі саналады.  Әкімшілік жолмен азаматтарды елден шығарып жіберу сот заңда көрсетілген тәртіппен жүзеге асырады.

Әкімшілік заңмен қарастырылған ережелер шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.

Қылмыстық кодекс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалды деген күдікпен қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға қатысты әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалауды қарастыру барысында хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн әкімшілік іс жүргізу кейiнге қалдырылады.

         Әкімшілік жолмен елден шығару мен азаматтық іс жүргізу тәртібімен елден қуу мазмұнына қарай шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды  заңнама, не әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеп немесе бақылау жүргізу арқылы елден  шығару танылады.

         Елден шығару барысында  келесі мәселелер негізге алынады: қоғамдық бірлестіктер, діни қызмет және діни бірлестіктер,  Қазақстанның азаматтығы туралы заңнаманы бұзу, құпиялылық режимін қамтамасыз ету  жөнінде белгіленген талаптарды бұзу, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу,  Қазақстан заңнамасыз бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру.

         Сот  қаулысы негізінде әкімішілік жолмен елден қуылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам сот көрсеткен мерзім ішінде ел аумағынан кетуі тиіс.  Әкімшілік заңнамасында көрсетілген тәртіптер мен негіздерден басқа жағдайларда, ешқандай тұлға әкімшілік жазаға тартылмайды. 

         Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік жаза мен әкімшілік-құқықтық әсер ету шаралары барлық қазақстандықтар үшін, сондай-ақ еліміздің азаматтығын алып күн көріп жатқан тұлғаларға тәлім дүние іспеттес.

         Шетелдікті әкімшілік жолмен елден шығару түріндегі әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылыққа тартуға негіз ретінде құқық бұзушылық құрамының белгілері бар оның іс-әрекеті болып табылады. 

         Бүгінде Қазақстан аумағында құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдік азаматтарды елден шығару мәселесі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізумен қарастырылады. Бұл құқықтық қарым-қатынасты реттеудің қай сатысында болмасын кез – келген тұлға сот шешімі, қаулысына шағым келтіре алады. Шешім міндетті түрде елден шығаруға берілген мерзімге жетпей сотқа тапсырылуы қажет. Шешім өзгеріссіз қалдырылған жағдайдың өзінде  құқық бұзған  шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның елден шығарылудың жаңа мерзімі көрсетіледі.

         Қазақстан Республикасы Конституциясымен Қазақстан аумағындағы  әрбір адамның еркін жүріп-тұруына кепілдік берілгенімен, шетелдіктер Қазақстанның заңнамаларында белгіленген талаптарды тиісті түрде орындауы міндетті.

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы К.Ж.Архабаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.