Түркия билігі іздеудегі адамды Қазақстанға ұстап берді
2018 жылғы 27 желтоқсан, Астана. Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады.
Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде.
Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты.
Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]