Автобустың өртенуіне кінәлі күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады.
Ұсталған адам ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза табуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деп күдік келтіріледі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті көрші мемлекеттің аумағында жасырынып жүрген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланды.
Бүгінгі күні Мехтиев Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]