ҚР Омбудсмені Астана қаласы мен Ақмола облысындағы мандаттық ұлттық алдын алу тетігінің мекемелеріне барды
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бірлесіп Ақмола облысы мен Астана қаласындағы ҰАТ мандаттық мекемелерінде болды.
Астана қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына сапар барысында Омбудсмен тәрбиеленушілер тұратын материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлармен танысты.
Бұл мекеме қараусыз және панасыз қалған балаларды, девиантты мінез-құлықты балаларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қысқа мерзімді ұстауға, бейімдеуге және одан әрі орналастыруға арналған.
Мониторинг қорытындысы бойынша санитарлық нормаларды сақтау, балаларды жас қағидаты бойынша орналастыру, оқу процесіне жағдай жасау бөлігінде ұсыныстар айтылды.
Әкімшілік қамауға тартылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұсталған адамдар қамауда отырған Ақмола облысы Целиноград ауданының уақытша ұстау изоляторына бару барысында Омбудсмен қамалған адамдарды ұстау жағдайларымен, тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен танысты.
Сондай-ақ, АІІБ басшылығымен ұсталған және тұтқындалған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, соның ішінде уақытша оқшаулау орындарында қатыгез қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Бару қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар ұлттық алдын алу тетігі қызметі шеңберінде тиісті уәкілетті органдарға жіберілетін болады.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]