Елордалық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен «гастролер»-ұрыларды ұстады. Ұсталғандар елордаға Қарағанды облысынан қылмыстық мақсатпен келген.
Күндізгі уақытта белгісіз тұлғалар есіктің құлпын сындыру жолымен пәтерге кіріп, бағалы заттарын ұрлап кеткені туралы полицияға қала тұрғыны шағымданды. Пәтер ұрылары алтын бұйымдар, құндыз тон, дубленка және 2,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқырған.
Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында «Есіл» ауданы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «ізін суытпай» Астана-Қарағанды тасжолында қаладан шыға берісте автокөлікпен жасырынуға тырысқан екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандар 33 және 27 жастағы Жезқазған және Балхаш тұрғындары екені, бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Жымқырылған бағалы затар алынып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы ПД УҰИ орналастырылды. ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (ұрлық).
Ұсталғандардың елорда аумағында және басқа өңірлерде бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Азаматтарға тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз етулерін, мереке күндері өте сақ болуларын және пәтер ұрлықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдауын ұсынады.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]