Мемлекеттік қызметтегі қарым-қатынастардың жоғары моральдық-өнегелік мәдениеті
Осы жылы біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығына қадам бастық.
Тәуелсіздік – бұл еліміздің жаңа тарихындағы ең үлкен жетістік. Мәселе Қазақстан өз дүниетанымын, дербес ғұрып-дәстүрлерін, сондай-ақ өзінің алдағы болашағы бар республика ретінде жиырма жеті жыл бұрын алғаш рет мәлімдегенінде ғана емес. Ең бастысы - соңғы жылдар бойынша біздің еліміз егемендік пен тәуелсіздікке өз құқығын дәлелдегені. Айқын, жетелдірілген, кезең-кезеңлі жоспар бірқатар экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың негізі болып, елімізге қазіргі межеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасқан. Ол құқықтық актілері мен заңнамалық негізі бар кәсіби әкімшілік аппараттың жетілдірілген жүйесі болып табылады және ең алдымен мемлекет қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағытталған. Осыған орай, мемлекеттік қызметте әр мемлекеттік қызметшінің жасаған әрекетін және өз міндеттерін адалсыз атқаруының салдарын айқын түсінуіміз қажет.
Мемлекеттік бағдарламалардың жолсерігі ретінде әр мемлекеттік қызметші өз міндеттерін абыроймен орындауға тырысуы, жұмыс кестесін сақтауынан бастап, қоғамда мінез-құлығына дейін тәртіпті қатаң сақтауға тиіс.
Мемлекеттік қызмет үшін оның бейнесі өте маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар екендігін атап өткен жөн. Ол халықтың сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғам тарапынан басқару қызметі тиімділігінің бағалық өлшемі болып табылады.
Қазақстан дамуы Стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі кәсіби мемлекеттің құрылуы белгіленген болатын. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметтің құрылуы көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығымен негізделеді.
Қазақстан Президенті елімізді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің негізгі қасиеттерін белгілеп қойды. Бұл – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды қолдана білу, адалдық, әділеттілік, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезініп, еліміздің патриоты болуы тиіс.
2016 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданысқа енгізіліп, кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келіміді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Одан басқа, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
Осыған байланысты, тәртіптік және әдептік бақылау бағыты бойынша мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту, Әдеп жөніндегі кеңестің, әдеп кодексін жүзеге асыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Әдеп жөніндегі кеңестің 11 (9-2017) отырысы өтіп, онда 80 (57-2017) мәселе қаралды. Жаңа мәртебесінде 70 % (49 % - 2017) - бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру кезінде жүйелі проблемаларын шешу туралы мәселелер.
80 мәселенің ішіндегі 11-і - бұл мемлекеттік органдарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру Жоспарын орындау жөнінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, аудан, қала әкімдерінің есептері, 4 - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, 9 - әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері, 8 - тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері, 23 - өзге мәселелер және 25 - тәртіптік істер (Әдеп кодексін бұзғаны үшін - 14, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабын бұзғаны үшін - 11).
Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс.
Ар-намыс кодексімен салыстырғанда, жаңа құжатта мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары кеңірек айқындалған. Бұл үшін кодексте жеке тарау көзделген.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Сонымен, жаңа әдеп кодексі мнез-құлық стандарттарын мемлекеттік қызметшілердің ахуалдық мән-жайлармен кеңейтіп, мүдделер қақтығысы туындаған кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын нақтылап, бір жүйеге келтіреді.
Демек, «мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, жаңа сапалы деңгейге көтереді».
Бүгінгі кезеңде егеменді Қазақстан үшін мемлекеттік аппараттың ел халқының қажеттілігіне сайма-сай әсер ету қабілеті өзекті болып табылады.
Мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру азаматтық қоғамының дамуы мен мемлекетті нығайту, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметшілер қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, халық арасында мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мүдделері үшін болуы тиіс.
Осы орайда мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі мемлекеттік биліктің беделінің нығаюына, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімінің ұлғаюына ықпал етіп, барлық мемлекеттік құрылымдардың тиімді әрекеті үшін бірыңғай өнегелік-құқықтық негізді қамтамасыз етеді.
Д.Хайруллин
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Ақмола облысы бойыншадепартаменті басшысының орынбасары
[xfvalue_img]
21 пікір