Ел үшін ерен еңбек ету

Ел үшін ерен еңбек ету

Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы атанып, егемендік алған күннен бастап дамудың даңғыл жолына түсіп, құқықтық мемлекет құрудамыз. Бүгінгі күнге келіп, дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуге шақ қалып тұрмыз. Жас, кеше ғана егемендік алған ел үшін өте үлкен жетістік. Мемлекеттің тұрақтылығы мен бейбіт келісімде өмір сүруі, алдына қойған мақсаттарына жету Елбасының саралы да сапалы саясаты мен ұлттың татулығында.

       Татуы тәтті,  бірлігі жарасқан елдің экономикалық, құқықтық т.б. салаларға жүктелген міндеттері мүлтіксіз жүзеге асады. Қазақстанда ұзақмерзімді даму стратегиялары жасалып, алға қойылған жоспарлар мерзімінен бұрын орындалуда. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның әрбір жетістігіне өзгелер қызыға қарап, бейбітшілік пен тұрақтылықты үлгі тұтуда.

       Ол үшін экономикалық, әлеуметтік және саяси бағыттар бойынша барлық салаларды жоғарғы деңгейге шығару, сапалы қызмет көрсету, халықтың сенімін ақтау қажет екендігін әрбір ел үшін ерен еңбек етуші мемлекеттік қызметкер түсінуі керек. Сонымен қатар әр түрлі салада жұмыс атқарушы қызметкер–жауапкершілігі аса жоғары міндет.   Мемлекеттік кызметкерге қойылар басты талап - білімді де білікті, еліне адал, ісіне асқан жауапкершілікті болу. 

        Бұл сөзімізге дәлел Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көресткен сот саласындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету, «100 қадамда» ерекше  мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Бізге қатысты мәселе заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған.

Мысал: Президенттің судьялардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтуі заман талабынан туындап отырған мәселе. Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелігін іске асыру өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы судьялармен жүргізілетіні белгіленген.

Сондықтан мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жузеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі шартты қадам болып табылады.

Оның ішінде, 17 қадамында - судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға баса назар аударылып, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндеттелді. Өз саласының білікті маманы болуы үшін сол салада төменгі сатыдағы қызметтерді атқарудан бастап, сатылы түрде тәжірибе жинақтау арқылы білімінді, кәсіби дағдынды ұштайтының белгілі.  Бұл жүйе судья лауазымына кез келген адам бола бермейтінін, сот ісін жүргізуден нақты тәжірибесі бар, сот жүйесінде қызмет атқарған, сот процестеріне үнемі қатысып қалыптасқан хатшылардың, ең маңыздысы судьялық корпусқа білікті мамандардың келуіне септігін тигізеді.

    Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы осы тақырыптың мәнін ашады яғни мемлекеттік қызметкер ол тек өз атынан ған емес бүкіл халықтың, елдің, мемлекеттің атынан қызмет атқарады. Сол қызметті адал,тиянақты атқару үшін бүгінгі таңда күрделі, сапалы талаптар қойылуда. Бұл талаптар тек жақсы жағынан қызметкерді өз қабілетін шыңдауға, жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Ойымды аяқтар тұста Ел үшін ерен еңбек ететін қызметкер бұл мемлекеттің байлығы, жетістігі екенін айта кеткім келеді.

 

Астана қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы                        

Спандиярова С.Т.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.