Балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ басшыларымен сындарлы диалог

Балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ басшыларымен сындарлы диалог

Кеше ҮЕҰ өкілдерімен Алматыда өткен кездесуде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара байланысты бекіту маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында білім саласындағы мемлекеттік орган өкілдері және отбасы мен балалық шақ мәселелері бағытында жұмыс істейтін қоғам қайраткерлері балаларға қатысты зорлықтың кез-келген формасына қарсы әрекет мақсатында балалар және мектеп мекемелерінде енгізілуі қажет жүйелі шараларды талқылады.

БҒМ басшысы былай деді: «бұл жұмысты ең жақсы отандық және шетелдік озық тәжірибені қолдану арқылы қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста және байыппен жүгізу өте маңызды. Бұл тәжірибені біз жан-жақты зерттейміз және енгіземіз». «Бүгін ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп, балалар құықтарын қорғау мәселелері қарастырылып жатқан кездесу бірінші рет емес, бұндай кездесулер жалғасатын болады. Бұл барлық көкейкесті және бар мәселелерді талқылап, шешу үшін қажет» - деді Е.Сағадиев.

ҮЕҰ басшылары тарабынан бірқатар сындарлы ұсыныстар айтылды. Осылайша, «Ата-Ана» ҚҰ басшысы Жанна Ахметова әрбір аймақта бала мен ананың ең өзекті мәселелерін біліп отыратын, білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін, оларға кіретін өкілетті тәуелсіз өкілді енгізу қажеттігі туралы ойын айтты. «Ерікті қайырылымдылық қоғамы» қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды тіркейтін бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйені құру ұсынысымен сөз алды. «Ашық Әлем» қоғамдық қорының президенті Алия Архарова бұрын елдің әрбір аймағында болған және таратылған балалар құқықтарын қорғау департаменттерін қайта құруды маңызды деп есептейді. Кездесуге қатысушылар балалықты қорғау сұрақтарын тек қана мемлекет пен ҮЕҰ көтермеу керектігі туралы айтты. Балаларды өз мәселелері және сұрақтарымен жеке қалдыратын, оларды тәрбиелеуден жиі сырт қалатын ата-аналардың жауапкершілігі туралы заң керектігі талқыланды.

Министр барлық ұсыныстарды тыңдады және олардың барлығы жете қарастырылатындығына, талданатындығына, іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қамқоршылық кеңестер жұмысы белсендірілетіндігіне сендірді. 

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.