Гендерлік саясат жұмысын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті
Мұғалжар аудандық сотының 2018 жылдың БАҚ-пен байланыс және сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу бойынша жоспарын орындау және гендерлік саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында «Гендерлік саясат: ерлдер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізудегі қоғамдық қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Е.Мусина, желілік полиция бөлімі және аудандық ішкі істер бөлімінің, пробация бөлімінің өкілдері қатынасты.
Судья А.Е.Мусина дөңгелек үстелді ашып, бүгінгі шараның мән-маңызына кеңінен тоқталып, сонымен қатар, Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Г.Дангулова баяндалғандай, гендерлік саясатты іске асыруда аудан көлемінде атқарылып жатқан игі жұмыстарға назар аударды.
Шараға қатысушылар қоғамды алаңдататын осы мәселе төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамда әлі де белең алып отырған әйел азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық зардаптарының құрбаны болу фактілерін туындататын себептер жөнінде тарқатып айтты.
Дөңгелек үстел қорытындысымен жоғарыда атап көрсетілгендей қоғамдық мәселенің алдын-алуда гендерлік саясатты насихаттайтын игі шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі атап көрсетілді.
[xfvalue_img]
19 пікір