Мемлекеттік қызметшілерге арналған сот

Мемлекеттік қызметшілерге арналған сот

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберінде Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Тәртіптік кеңестердің орнына Әдеп жөніндегі кеңестер құрылған болатын. Әдеп жөніндегі кеңестердің негізгі қызметі ең бірінші кезекте заңнама бұзушылықтардың алдыналуға бағытталады.

Әдеп жөніндегі кеңестің құрамына мемлекетік органдардың басшылары, мәслихат депуттары, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдері кірді.

Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік этика нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік қылық жасаған қала әкімдеріне, облыс, астана, мемлекеттік маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының мүшелеріне, облыстық деңгейдегі қалалардың, аудандардың әкімдеріне, мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарауға құқылы.

Ағымдағы жылдың басынан бастап лауазымды тұлғаларға қатысты 20 тәртіптік іс қаралып, үш кеңес өткізілді. Әрбір істі егжей-тегжейлі қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерді түрлі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар шығарылды: «атқаратын лауазымынан босату», «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», «ескерту»...

Қоғамға жат қылық танытатын мемлекеттік қызметшілер заңнамамен көзделген ең қатаң жазаға лайықты. Мұндағы ерекше атап өтетін жағдай - қолданылатын жаза олардың атқаратын лауазымына байланысты емес. Себебі қоғамға жат қылық ретінде танылатын әрбір осындай жағдай қоғамдық пікірге теріс ықпалын тигізіп, Қазақстан халқына қызмет етіп, басқаларға үлгі болуға міндетті барлық мемлекеттік қызметшілердің теріс бейнесін қалыптастырады.

Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімінің атына селолық округінің әкіміне қатысты анонимді түрде арыз жазылуына байланысты аталған лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Бұл оқиға қызметтік әрі тұрмыстық қарым-қатынас жасауда Әдеп кодексінің нормаларындағдыға айналдырмағанбасқа мемлекеттік қызметшілер үшін жақсы сабақ болуы тиіс.

Шешімді шығару кезінде Кеңес мүшелері жасалған бұзушылықтың ауырлығына назар аударады, бұзушылық фактісін ғана емес, осы теріс қылықты тудырған себептерді, факторларды да талдауға тырысады.

Әсіресе, жүйелі түрде қайталанатынбұзушылықтарға жан-жақты талдау жасалады.

Бұларға мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде орын алатын бұзушылықтарды жатқызуға болады.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Успен ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысына қатысты іс қаралған болатын.

Бөлім басшысының өнім берушілермен жолаушыларды аудан ішінде жүйелі түрде тасымалдау мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдерді жасағаны анықталды. Қосымша келісімдердің шарттарынасәйкесшарт мерзімі конкурстық ресімдердің қорытындысы шығарылғанға дейін ұзартылды.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға дейінгі кезеңде шарт мерзімінің өтуіне қарамастан, Бөлім басшысы белгіленген екі ай мерзімінен жоғары мерзімге өнім берушілерді субсидиялауды жүзеге асырды.

Осылайша, бөлім басшысының әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс құқықбұзушылықтар байқалды, нақты айтқанда, шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетілді, кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты басқа да қызметтерді жүзеге асыруда заңмен көзделмеген көмек көрсетілді.

Кеңес мүшелері заңды бұзушылардың жауапкершілік дәрежесін анықтап қана қоймайды,сондай-ақ нақты ұсынымдар беріп,құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететінсебептер мен факторларды жоюға бағытталған ұсыныстарды заңнамалық деңгейге шығарады.

Осылайша, ағымдағы жылы құқық бұзушылыққа әкелетін себептер мен шарттарды жою бойынша 112 ұсыным енгізілді. Аталған ұсынымдарды мемлекеттік органдар толық көлемде орындады.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылаубасқармасының бас маманы

Р. Иманқұлов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.