Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Мыналар:
1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерді орындаған кезде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;
2) осы Кодекстің 550-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар берілген кезде алынатын алымды төлеушілер;
3) бір станцияға пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды
(27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей хабарлама жібереді.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және
25 желтоқсаннан кешіктірілмей төленеді.
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
[xfvalue_img]
24 пікір