Мемлекеттік қызметші
Мемлекеттiк қызметшi дегеніміз мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашада № 416-V қабылданды.
Қабылданған заңда мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтары, міндеттері, мемлекеттік қызметке кіру шарттары, біліктілік талаптары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Мемлекеттiк қызметке мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады және мемлекеттік қызметке кіру кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтеді.
Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi.
Мемлекеттік қызмет лауазымдары «А» және «Б» копусына бөлінеді.
"А" корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар, ал «Б» корпусы -"А" корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.
"Б" копусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу ерекшеліктеріне тоқтала кететін болсақ, "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді: уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту; уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату; "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсқа қатысу. Конкурс өткізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жол беріледі.
Конкурстан өтіп, әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажет, яғни қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс. Ал, әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға, әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.
Астана қалалық сотының
құжаттамалық қамтамасыз ету
басқармасының бас маманы
Г.Жакеева
[xfvalue_img]
26 пікір