Маңғыстауда кадрлық ауыс-түйіс
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі болып Елтизаров Рахат тағайындалды.
Рахат Тезекбайұлы 1980 жылы туған, «мұнай мен газ кен орындарын игеру» және «құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын Маңғыстау облысының ішкі саясат департаментінің бас маманы қызметінен бастап, әкімшілік бөлімінің бастығы, департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 – 2015 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары
2015 – 2016 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облыстық су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директор қызметтерін атқарды.
2016 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды
[xfvalue_img]