«Қамқор ана» конкурсы
ЖКО құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күніне орай Астана қаласы ПД-нің Ювеналдық полиция қызметкерлерімен Астана қаласының аумағында 12 және 18 қараша аралығында Республикалық кең ауқымды «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» іс-шарасы өткізілуде.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу, елорданың көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері «Қамқор ана» сайысын өткіздірді.
"Қамқор ана" байқауы жол жүру кезінде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігінің құралы ретінде жарық шағылыстыратын киімдерді киюге насихаттауға бағытталған.
Аталмыш іс-шараға 14-тен астам креативті ана қатысып, олар өз балаларына жарық шағылыстыратын элементтермен безендірілген киімдерді ұсынды.
Олардың пікірінше, балалардың күнделікті киімінде жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану тәуліктің қараңғы уақытында жүргізушілерге жаяу жүргіншілердің жүру бөлігіндегі балаларды тануға мүмкіндік береді, бұл Жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне оң әсер етеді.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды 3 "Ә" сынып оқушысының анасы Қоңырова Алмагүл Мырзагазиевна иеленсе, 2 орынды 3 "А" сынып оқушысының анасы Сұлтанова Айтолқын Үсенқызы иеленді, 3 орынды 2"А" сынып оқушыларының аналары Тәжібаева Ақдана Мұратқызы мен Тұрмағанбетова Гүлшат Жолдыбайқызы өзара бөлісті.
"Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" республикалық акциясының жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметінің басқармасы
[xfvalue_img]