Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік заңнаманы жетілдіру
ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP компаниясымен бірлесіп, «Кәсіпкерлік кодексінің ережесін одан әрі дамыту мәселесі»атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға халықаралық сарапшылар, бизнес қауымдастығы және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – заңжобалық қызметте қолданылатын Кәсіпкерлік кодексінің жекелеген ережелерін одан әрі жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар әзірлеген тәсілдерді таныстыру және талқылау.
Шара барысында корпоративтік заңнаманы реформалау мен келісімшарттық құқық мәселелері де талқыланды. Бұдан бөлек, қатысушылар шетелдік инвестициялар мен инвестор және мемлекет арасындағы даулар бойынша жекелеген мәселелерді ортаға салды.
Талқылауға ұсынылған бастамалар ұлттық заңнаманы, құқық қолдану практикасын, доктринаны және шетелдік тәжірибені талдау барысында әзірленді. Атап айтқанда, англо-саксондық және романо-германдық құқықтық дәстүрлері бар Ұлыбритания, Германия, Сингапур сынды елдердің заңнамалары зерделенді.
Жалпы, дөңгелек үстелде талқыланған идеялар мен ұсынымдар қазақстандық заңнаманың одан әрі дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Атап айтқанда олар:
- азаматтық айналым субъектілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін көбірек еркіндік беру;
- шарттық тәртіпті арттыру;
- сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудегі қазақстандық заңнаманың бәсекеге қабілеттілігін нығайту;
- инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай жасайды.
[xfvalue_img]